«Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2026 ж.

    «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 17 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 1124,4977 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

    2. «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

    3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

    4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

    5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Қарқаралы ауданының әкімінің м.а.

    С.Мусин

    Қарқаралы ауданының әкімдігінің

    2026 жылғы «28» мамырдағы

    № 175 қаулысына

    қосымша

    «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2020 жылғы 17 қарашадағы №957-EL лицензиясы)

    Орналасқан жері
    Кадастырлық номері
    Жалпы көлемі, га
    қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
    1
    Исин Кайржан Несипбекович
    09:133:046:053
    125,0000
    110,0470
    2
    Исин Кайржан Несипбекович
    09:133:029:162
    399,3000
    94,4014
    3
    ШҚ «Ақдоңғал» басшысы Сыдын Алмасбек
    09:133:029:034
    391,0000
    43,6340
    4
    Ғабдулла Ерлан Қанатұлы
    09:133:056:069
    800,0000
    79,9335
    5
    Исин Кайржан Несипбекович
    09:133:046:068
    1000,0000
    566,1769
    6
    Даутов Талгат Жумагулович
    09:133:029:147
    625,0000
    41,2670
    7
    Шурабаев Нуркен Тулеутасович
    09:133:046:059
    50,0000
    17,2670
    8
    Рысбек Диаса Мейрамұлы
    09:133:046:1004
    250,0000
    17,3706
    9
    Босалқы жерлер
    09:133:046:
    154,4003
    Барлығы
    1124,4977

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.