«Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2026 ж.

    «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3- тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында:

    2- тармақта:

    14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:

    «14) сарапшы – Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген салалардың бірі бойынша қажетті кәсіптік білімі бар және Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуға кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесі бар жеке тұлға;

    15) сарапшылар тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – осы Қағидаларға сәйкес өтінімдерді бағалау үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін адамдар қатарынан үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор қалыптастыратын гранттар беру салалары бойынша сарапшылар тізімі;

    16) Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультациялық кеңесшi орган;

    17) ұзақ мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен кем емес, осы Қағидаларға сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық базасы бар үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар;

    18) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі – грант) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;

    19) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингі – үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

    20) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Заңға сәйкес гранттар ұсынуға құқығы бар акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

    21) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер – құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;

    22) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс–қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

    23) үкіметтік емес ұйымның өтінімі (бұдан әрі – өтінім) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген үкіметтік емес ұйымның өтініші.»;

    6-тармақта:

    үшінші бөлігінің сегізінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;

    төртінші бөлігінің сегізінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;

    78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «78. Мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның шешімі отырыста қабылданады және мемлекеттік органнан бағалауға өтінімдер түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

    Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

    Комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады.».

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бас прокуратурасы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық

    даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын

    реттеу және дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қорғаныс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикаcының

    Оқу-ағарту министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикаcының

    Сауда және интеграция министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және реформалар

    агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Су ресурстары және ирригация

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Сыртқы істер министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Туризм және спорт министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.