Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 200/1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 200/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179494 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
17-тармақтың 19) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«19) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;»;
17-тармақ тармақшалармен толықтырылсын:
«20) Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 505-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«27. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Коммунсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Д. Д. Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану бойынша жалғыз акционер болып табылады.».
2. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі
Х. Хабылбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.