Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2026 ж.

    Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Aзаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» № 240 бұйрығына, Ақтоғай ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Ақтоғаай уданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Ақтоғай аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты (Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі, 101 мекенжайы бойынша орналасқан) объектідегі объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып өзімді тағайындаймын.

    3. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Ақтоғай ауданы әкімінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 1ш «Ақтоғай ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылсын.

    5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    6. Осы шешім қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 26 сәуірдегі бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратылады.

    Лауазымы

    Аты-жөні

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.