Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы "Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" № 311/12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 мамыр 2026 ж.

    Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы "Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" № 311/12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      

    1. Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы "Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" № 311/12 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7089 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Май ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Май ауданының әкімі

    К. Сатиев

    "КЕЛІСІЛДІ"

    Май аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы

    М.В. Кишкеналина ____________

    «___»___________ 2026 жыл

    Май ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы мамырдағы

    № 140/5 қаулысына қосымша

    Май ауданы әкімдігінің

    2020 жылғы 9 желтоқсаны

    № 311/12 қаулысына

    1-қосымша

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Р/с №
    Елді мекеннің атауы
    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны
    Стендтердің саны
    1
    Ақшиман ауылы
    Әлия Молдағұлова көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ақшиман негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Желтоқсан көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Ақшиман ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының сол жағында;
    Т. Әубакіров көшесі № 3 үйде орналасқан «Асылым» дүкеннің қабырғасында;
    3 стенд
    2
    Ақжар ауылы
    Құрманғазы көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ақжар жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Абай көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Ақжар ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
    Құрманғазы көшесі № 1 үй 1 пәтердеорналасқан «Ерлан» дүкеннің қасында;
    Ақжар ауылының мештінің қасында;
    4 стенд
    3
    Май ауылы
    Абылайхан көшесіндегі "Павлодар облысы Май ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарма-қарсы; Школьная көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Май жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жағында; Абылайхан көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Май ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
    3 стенд
    4
    Май ауылдық округінің Еңбекші бөлімшесі
    Ертіс көшесіндегі № 8 тұрғын үйге қарама-қарсы;
    1 стенд
    5
    Қаратерек ауылы
    Жамбыл Жабаев көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Қаратерек ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы; Жамбыл Жабаев және Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысы;
    Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қаратерек жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
    3 стенд
    6
    Хасен Сейтказин ауылы
    Орджоникидзе көшесіндегі № 9/2 тұрғын үйге қарама-қарсы;
    1 стенд
    7
    Майтүбек ауылы
    Бауыржан Момышұлы көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Майтүбек жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Бауыржан Момышұлы көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Майтүбек ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
    Әлия Молдағұлова көшесіндегі № 2-үй, «Хасанов Д» дүкенінің жанында.
    3 стенд
    8
    Қызылеңбек ауылы
    Мұхтар Әуезов көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қазақстан негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
    1 стенд
    9
    Жұмыскер ауылы
    Зекеш Қажкенов көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Жұмыскер ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы; Пушкин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қазан жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Целинная көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына қарама-қарсы;
    Әлия Молдағұлова көшесіндегі № 8 үй 2-пәтерде орналасқан «Ж.К. Дюсенбаев» дүкенінің жанында.
    4 стенд
    10
    Абай ауылы
    Абай көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Аудандық оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның "Байтерек" балалар жасөспірімдер клубының ғимаратына қарама-қарсы;
    1 стенд
    11
    Саты ауылы
    Жұмағайша Исатаева көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінң ғимаратына қарама-қарсы; Гагарин көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Саты ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы; Жұмағайша Исатаева көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Саты негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
    3 стенд
    12
    Малайсары ауылы
    Мәншүк Маметова көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Малайсары ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы; Амангелді Иманов көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына қарама-қарсы; Абай көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Малайсары орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
    Абай көшесіндегі «Арлан» дүкеніне қарама-қарсы;
    4 стенд
    13
    Малайсары ауылдық округінің 1 фермасы
    Ақсарай көшесіндегі № 18 тұрғын үйге қарама-қарсы;
    1 стенд
    14
    Кеңтүбек ауылы
    Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Махмет Қайырбаев көшесіндегі № 8/1 тұрғын үйге қарама-қарсы автобус аялдамасы; Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі Павлодар облысы Май ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
    Махмет Қайырбаев 11-1 көшесіндегі «Игілік» дүкені алдында;
    4 стенд
    15
    Көктөбе ауылы
    Сәкен Сейфулин көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Қазбек би көшесіндегі Қ.Сатпаев атындағы саябағына қарама-қарсы; Олжас Сүлейменов көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; Әйтеке би көшесіндегі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Май ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы;
    Сәкен Сейфулин мен Байгурманов көшелерінің қиылысындағы балалардың ойын алаңының жанында;
    Қазыбек би көшесіндегі № 3 үйде орналасқан «Санжар» дүкенінің жанында;
    Бәкі басар көшесіндегі № 27/1 үйде орналасқан «Жемчужина» дүкенінің жанында;
    Букетов көшесіндегі № 2 үйде орналасқан «Алихан» дүкенінің жанында;
    Айтек би № 47 көшесіндегі Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында;
    9 стенд
    16
    Белогорский ХПП ауылы
    Элеваторная көшесіндегі № 2 тұрғын үйге қарама-қарсы;
    1 стенд
    17
    Бозша ауылы
    Мағау Батаев көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Бозша ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
    1 стенд
    18
    Баскөл ауылы
    Қорабай Балкенов көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Баскөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы;
    Қорабай Балкенов көшесіндегі № 21 ғимаратқа қарама-қарсы;
    Қорабай Балкенов көшесіндегі № 22/1 Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Баскөл ауылы фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратына қарама-қарсы;
    3 стенд
    19
    Жаңатілек ауылы
    Аушайық көшесіндегі № 14 тұрғын үйге қарама-қарсы.
    1 стенд

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.