Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 мамыр 2026 ж.

    Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    № 372 сайлау учаскесі

    Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Қаратерек ауылдық әкімі аппаратының, Май ауданы әкімдігінің «Қаратерек ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимараты.

    Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек, Хасен Сейтқазин ауылдарының аумақтары.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Сатиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Май ауданының аумақтық сайлау

    комиссиясының төрағасы

    _____________М. Кишкеналина

    2026 жылғы « » сәуір

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.