Павлодар ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 маусым 2026 ж.

    Павлодар ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар ауданының әкімі

    Д. Ибраев

    Павлодар ауданы әкімінің

    2026 жылғы «____»___________

    №_____шешіміне қосымша

    Павлодар ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-ш шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6862 болып тіркелген).

    2. Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі «Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-ш шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 2-ш шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6973 болып тіркелген).

    3. Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2021 жылғы 08 қарашадағы «Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 1-ш шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25071 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.