Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өндірумен технологиялық байланысты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 82-1-бабының 4-тармағына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Министр генерал-майор
Ч. Аринов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
2024 жылғы ___ тамыздағы
№ бұйрығымен
бекітілген
Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесі
1. Тікұшақ ұшқыштарын кәсіптік даярлау бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын студенттерді ұшуға даярлау үшін «Азаматтық Авиация Академиясы» акционерлік қоғамына әуе кемесін жалға беру.
2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тікұшақ қызметтерін ұсыну бойынша әуе кемелері мен экипаждарды тұрақты әзірлікте дайындау және ұстау.
3. Төтенше жағдайлар кезінде мұнай өнімдерін жеткізу.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.