«Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 150 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 мамыр 2026 ж.

    «Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 150 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 150 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 178841 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «33-1) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу іс-шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша;».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Риддер қаласының әкімі

    Д. Рахметкалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.