«Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36280 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ауылдық елді мекендерде микрокредит беру мен лизингтің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – микрокредит/лизинг алуға электрондық өтінім беруге, сондай-ақ ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда жобаларға микрокредит беру және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар лизингі кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметін автоматтандыруға арналған цифрлық платформа;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауылдық округтер бөлінісінде алдағы кезеңге арналған микрокредит беру және лизинг түрлері бойынша деректерді қамтитын ақпаратты есепті қаржы жылынан кейінгі жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында және ақпараттық жүйеде орналастыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарына және сенім білдірілген агентке жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Микрокредит/лизинг алу үшін үміткерлер тиісті жолдарды толтыру және электрондық құжаттарды жүктеу арқылы ақпараттық жүйенің жеке кабинеті арқылы электрондық өтінім бере отырып, ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес микрокредит/лизинг алу үшін құжаттар тізбесімен сенім білдірілген өкілге (агентке) жүгінеді.
Жүктелген құжаттарда көрсетілген мәліметтер (деректер) ақпараттық жүйенің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорымен, «е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу» кіші жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады.
Микрокредит/лизинг алуға арналған электрондық өтінім ақпараттық жүйеде оған үміткердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қоюы арқылы тіркеледі және ақпараттық жүйеде сенім білдірілген өкілге (агентке) қарау үшін қолжетімді болады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Құжаттарды қараудан уәжді бас тарту ақпараттық жүйе арқылы үміткердің жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Микрокредит/лизинг беруді мақұлдау туралы не одан бас тарту туралы шешім ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, микрокредит қаражатының және лизинг нысанасының мақсатына сай пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 9 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады әрі 2026 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.