«Текелі қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» бірлескен Текелі қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 42-172 шешіміне және Текелі қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 2 бірлескен қаулысына өзеріс енгізу туралы
Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Текелі қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» бірлескен Текелі қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 42-172 шешіміне және Текелі қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 221737 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы бірлескен Текелі қалалық мәслихатының шешімінің және Текелі қаласы әкімдігінің қаулысының 1-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
көп балалы аналарға (төрт балалы және одан да көп, 18 жасқа толмаған), сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары бар отбасына, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін).
2. Осы бірлескен шешім және қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі
А. Әділ
Текелі қалалық мәслихатының төрағасы
Б. Тугулбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.