Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Бесқарағай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 193 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2016 ж.

    Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Бесқарағай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы №193 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Бесқарағай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы №193 (нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 22 маусымда №4000 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Бесқарағай ауданының әкімі

    Н. Токсеитов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.