Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №30/141-VIII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №30/141-VIII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6699-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтағы «пОсы» деген сөз «Осы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін ЖАО-ның ұсынуы бойынша жергілікті өкілді орган белгілейді.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді орган белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасындағы «2 айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «2,5 айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 5) тармақшасындағы «5 000 000 теңге» деген сөздер «382 айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі:
1) адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі - АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне ай сайын – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселік мөлшерінде,
2) АИТВ-мен ауыратын адамдарға ай сайын – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселік мөлшерінде,
3) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға кезектілігіне қарай санаторийлік-курорттық емделуге жолдама алу үшін бір рет - 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
4) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайын - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
5) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан азаматтарға жылына бір рет - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) дүлей зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматтарға (отбасыларға) не олардың мүлкіне зиян келуіне байланысты бір рет - 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде,
7) қаржылай көмек түріндегі әлеуметтік көмек:
- оқу жылы кезеңінде үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаларға, ай сайын - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
- жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге жалғызілікті қарттарға, ай сайын - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
- Түркістан қалалық пробация қызметі ұсынған тізімге сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, бір рет - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Түркістан қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.
14. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы
Г.А. Сарсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.