Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылдың 14 мамырындағы «Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №42-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылдың 14 мамырындағы «Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №42-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 15 мамырда №5279-08 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы Қағидаларында:
5 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) негізде көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады және Меркі ауданы аумағында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
6 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмектің түрлерін жергілікті атқарушы орган ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.
Мерекелік күндер мен атаулы күндерге байланысты әлеуметтік көмек күнтізбелік жыл ішінде бір рет тағайындалады.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіздер болған жағдайда, мерекелік күндер мен атаулы күндерге байланысты әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.
7 – тармақ алынып тасталсын.
9 – тармақ 2-тараудың 7 – тармағы болып өзгертіліп, келесі редакцияда жазылсын:
Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітеді.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
8.1. тармағы жаңа редакцияда енгізілсін:
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.
8.2. тармағы жаңа редакцияда енгізілсін:
Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
8 – тармақ 9 – тармақ болып өзгертілсін.
10 – тармақтың 1), 5) тармақшаның 4 абзацы, 7) және 8) тармақшалары алынып тасталсын.
10 – тармақтың 2) тармақшасы, 4) тармақшасы, 5) тармақшаның 2 және 3 абзацтары, 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
2) қатерлі ісік ауруы бар адамдарға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстарын ескере отырып, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек (пробация есебіндегі және бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандарға) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстарын ескере отырып, жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге жылына бір рет Қазақстан Республикасының аумағында санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) мөлшерінен аспайтын, санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығынның 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде көрсетіледі.
Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды (санаторийлік-курорттық емдеу мекемесінен шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстардың актісі) ұсынған жағдайда ақшалай түрде жол шығыны төлемінсіз көрсетіледі;
6) әлеуметтік мәні бар созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары), жіті миокард инфаркті(алғашқы 6 айда), эпилепсия, ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде), нерв жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруларымен ауыратын адамдардың республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,5 (бір жарым) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстарын ескере отырып, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар орфандық аурумен ауыратын адамдардыңреспубликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстарын ескере отырып, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған азаматтарғаәлеуметтік көмек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстарын ескере отырып, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12 – тармақтың 1) тармақшасы және 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
1) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстарын ескере отырып, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстарын ескере отырып, жылына бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2.«Меркі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы шешім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберілсін.
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны аудан мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Меркі аудандық мәслихатының төрағасы
М. Көкрекбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.