«Genesis Lab Ltd.» жеке компанияға жер телімдеріне пайдалы қазбалар барлау мақсаттары үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 мамыр 2026 ж.

    «Genesis Lab Ltd.» жеке компанияға жер телімдеріне пайдалы қазбалар барлау мақсаттары үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 26 наурыздағы «Genesis Lab Ltd.» жеке компанияның өтінішін қарастырып, уәкілетті органдармен оң келісу негізінде, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Genesis Lab Ltd.» жеке компанияға пайдалы қатты қазбаларды барлау мақсаты үшін жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Абай ауданы Ильичевск және Көксу ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 674,3665 га жер учаскелеріне қауымдық сервитут 2031 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге белгіленсін.

    2. «Genesis Lab Ltd.» жеке компанияға қажет:

    1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға залалдарды толық көлемде өтеуге, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын;

    2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

    3) жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде пайдаланылатын жер учаскесінде және оған іргелес аумақта экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу.

    3. «Genesis Lab Ltd.» жеке компанияға қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай ауданының әкімі

    С. Оспанов

    Абай ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы 21 мамырдағы

    №26/01 қаулысына қосымша

    ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Жер пай­да­ла­ну­шы
    ИИН/БИН
    Жер са­на­ты
    Құқық бел­гі­лей­тін құ­жат
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    09-134-011-131
    Му­ка­шев Аман­кель­ды Тур­сы­ну­лы
    730910350352
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    Абай ауда­ны әкім­ді­гі­нің 06.05.2003г., №06/07 қа­улы­сы Абай ауда­ны әкім­ді­гі­нің № 21/08 от 06.09.2007 қа­улы­сы
    2
    09-134-020-068
    Му­ка­шев Аман­кель­ды Тур­сы­ну­лы
    730910350352
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    Абай ауда­ны әкім­ді­гі­нің №33-07/ от 20.10.2015 қа­улы­сы
    кестенің жалғасы
    Құ­жат­тар бой­ын­ша алаң, га
    Серви­тут­тың асты­на тү­се­тін алаң
    Құқық тү­рі
    Ны­са­на­лы мак­са­ты
    Ме­кен жайы
    Серви­тут мер­зі­мі
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    9972,.9000
    468,6865
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді ор­тақ жер пай­да­ла­ну
    фер­мер қо­жа­лы­ғын жүр­гі­зу
    Қа­ра­ған­ды об­лы­сы, Абай ауда­ны, Ильи­чевск ауыл­дық окру­гі
    03.11.2055
    7173,6000
    205,6800
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді ор­тақ жер пай­да­ла­ну
    фер­мер қо­жа­лы­ғын жүр­гі­зу
    Қа­ра­ған­ды об­лы­сы, Абай ауда­ны, Көк­су ауыл­дық окру­гі
    03.11.2055

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.