Құрылыстағы баға мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Құрылыстағы баға мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Құрылыстағы баға мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

    16-тармақ мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

    «16. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, өндірушінің немесе өнім берушінің өтінішін қарайды және тиісті өтініші алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оны Тізбеге енгізу немесе ол туралы мәліметтерді Тізбеге өзгерту туралы шешім қабылдайды.».

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және реформалар

    агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2026 жылғы 29 мамырдағы

    № 270

    бұйрығына қосымша

    Құрылыстағы бағалар мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Құрылыстағы бағалар мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және құрылыстағы бағалар мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

    2. Құрылыстағы бағалар мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қазақ және орыс тілдерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомоствосы (бұдан әрі - уәкілетті орган ведомоствосы) қалыптастырады және жүргізеді.

    3. Тізбе құрылыстағы бағаларға мониторинг жүргізу кезінде сметалық нормативтерде пайдаланылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен жабдықтарының номенклатурасын неғұрлым толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.

    4. Осы Қағидаларды мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ, өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    2) сметалық нормативтік құжаттар (сметалық нормативтер) – құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін қажетті сметалық нормалар, құнның сметалық көрсеткіштері, индекстер және баға белгілеу жөніндегі басқа да нормативтік құжаттар, сондай-ақ, көмекші құралдар мен әдістемелік ұсынымдар.

    2-тарау. Тізбені қалыптастыру және жүргізу тәртібі

    5. Тізбе мыналардан қалыптастырылады:

    1) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан (бұдан әрі – Бюро) алынған Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабы 13-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде;

    2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінен (бұдан әрі – Комитет) алынған кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде;

    3) Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен алынған кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде;

    4) Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын өндіруді (дайындауды) жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен (бұдан әрі – тауар өндірушілер) алынған кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде;

    5) Қазақстан Республикасында құрылыс үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын жеткізуді, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуді, сондай-ақ, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі қолданылатын құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын үшінші елдерден әкелуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен (бұдан әрі – жеткізушілер) алынған кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде;

    6. Тізбені қалыптастыру және жүргізу мақсатында уәкілетті органның ведомствосы жыл сайын, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Бюроға «Ұлттық анықтамалық ақпарат» цифрлық сервисінде өзектендіру арқылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес бекітілген құрылыста пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, конструкциялар, жабдықтар және басқа да құрылыс ресурстары туралы ведомстволық (салалық) ұлттық анықтамалық ақпаратқа енгізілген құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары, жабдықтары кодтары тізбесін (бұдан әрі – құрылыс ресурстарының жіктемесі) ұсынады.

    7. Бюро жыл сайын, ағымдағы жылғы 1 қарашасына дейін уәкілетті органның ведомствосына және Комитетке Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабы 13-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты ұсынады.

    8. Комитет жыл сайын, ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органның ведомствосына мыналарды ұсынады:

    1) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Бюро қалыптастырған тізбеден алып тастауға жататын және банкроттық немесе жою (қызметін тоқтату) сатысында орналасқан кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;

    2) Банкроттық немесе тарату (қызметті тоқтату) сатысында тұрғандарды қоспағанда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі қолданылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің кодтарына сәйкес келетін экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші бойынша кодтары бар құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын Қазақстан Республикасына үшінші елдерден әкелу бойынша қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі: 02 – «Орман өсірушілік және ағаш дайындау», 08 – «Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру», 16 – «Жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; тоқу үшін сабан мен материалдардан бұйымдарды өндіру», 19 – «Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру», 20 – «Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру», 22 – «Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру», 23 – «Өзге де металл емес минерал өнімін өндіру», 24 – «Металлургия өндірісі», 25 – «Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру», 26 – «Компьютерлерді, электрондық және оптикалық жабдықты өндіру», 27 «Электр жабдығын өндіру», 28 – «Басқа топтарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтарды өндіру», 31 – «Жиһаз өндіру», 35 – «Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау», 46 – «автомобиль және мотоциклдермен сауданы қоспағанда көтерме сауда».

    Комитет қалыптастырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі кәсіпкерлік субъектілерінің атауы, сәйкестендіру нөмірі туралы ақпаратты қамтиды. Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі олардың резиденттігі мен орналасқан жері (болған жағдайда) туралы ақпаратты қосымша қамтиды.

    9. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ақпарат ағымдағы жылғы 1 қазандағы жай-күйі бойынша қалыптастырылады және электрондық түрде ұсынылады.

    10. Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде тұратын кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі бойынша қалыптастырылады.

    11. Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбені қалыптастырады және ағымдағы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей жыл сайын өз интернет-ресурсында орналастырады.

    12. Уәкілетті органның ведомствосы өндірушілер мен жеткізушілердің ақпараты негізінде Тізбені өзектендіруді жүзеге асырады.

    13. Өндірушілер мен жеткізушілер уәкілетті органның ведомствосына оларды Тізбеге енгізу туралы өтінішті қосымшамен бірге:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізуші (өндіруші) туралы ақапаратты;

    2) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе оның өкілі туралы мәліметтерді жібереді.

    14. Уәкілетті органның ведомствосы өндірушіні немесе жеткізушіні тізбеге оның мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде енгізеді:

    1) сот оған қатысты банкроттық немесе тарату туралы іс жүргізуді қозғамауына;

    2) оның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және (немесе) сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенісіз әлеуметті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесінде болмауына;

    3) Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін кодтары құрылыс ресурстарының жіктеуішіне енгізілген құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын өндіру (дайындау) және (немесе) жеткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруына.

    15. Уәкілетті орган ведомствосы Тізбеде көрсетілген ол туралы ақпаратқа өзгерістер енгізу туралы кәсіпкерлік субъектісінен алынған өтініш негізінде Тізбеге өзгерістер енгізеді.

    Кәсіпкерлік субъектісінің атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жерінің өзгеруі кезінде өтінішке тіркелген заңды тұлға, филиалы немесе оның өкілдігі туралы мәліметтер қоса беріледі.

    16. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өндірушінің немесе өнім берушінің өтінішін қарайды және тиісті өтініші алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оны Тізбеге енгізу немесе ол туралы мәліметтерді Тізбеге өзгерту туралы шешім қабылдайды.

    17. Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 13-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда Тізбеге енгізілген кәсіпкерлік субъектілеріне осы Қағидаларға 2-қосымшада қарастырылған өнім беруші (өндіруші) туралы ақпаратты ұсыну туралы хабарлама (бұдан әрі – ақпарат ұсыну туралы хабарлама) жібереді. Ақпаратты ұсыну туралы хабарлама жыл сайын Тізбені уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсының орналастырған күннен бастап күнтізбелік 25 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

    18. Ақпарат беру туралы хабарлама оның берілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен жіберіледі.

    Ақпарат беру туралы хабарлама Тізбеде көрсетілген тіркелген және (немесе) нақты орналасқан жері бойынша жіберіледі.

    19. Ақпаратты ұсыну туралы хабарлама мынадай жағдайларда тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі:

    өз тегін, аты-жөнін және лауазымын көрсете отырып, хабарламада оны алғаны туралы хабарламаға қол қоятын кәсіпкерлік субъектісінің басшысына немесе қызметкеріне ақпарат беру туралы хабарлама тапсырылған;

    өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты жіберу кезінде оны беру туралы хабарламаны жеткізуді тіркеген.

    Адресат ақпарат беру туралы хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізуші немесе тапсырушы тұлға ақпарат беру туралы хабарламаға тиісті белгі қояды, ол уәкілетті органның ведомствосына қайтарылады.

    Құрылыстағы баға мониторингі

    үшін құрылыс материалдарын,

    бұйымдарын, конструкцияларын,

    жабдықтарын өндіруді (дайындауды)

    және жеткізуді жүзеге асыратын

    кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін

    қалыптастыру және жүргізу

    қағидаларына

    1-қосымша

    нысан

    Құрылыстағы баға мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі

    Ата­уы, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­са­ны
    Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН, болған жағ­дай­да)
    Ор­на­лас­қан же­рі (ел­ді ме­кен­нің ата­уы, ме­кен­жай)
    КРЖ сәй­кес құ­ры­лыс ма­те­ри­а­лы­ның, бұй­ы­мы­ның, кон­струк­ци­я­сы­ның, жабды­ғы­ның ко­ды
    КРЖ коды­на сәй­кес құ­ры­лыс ма­те­ри­а­лы­ның, бұй­ы­мы­ның, кон­струк­ци­я­сы­ның, жабды­ғы­ның ата­уы
    Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның, бұй­ым­да­ры­ның, кон­струк­ци­я­ла­ры­ның, жаб­дық­та­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша ағым­да­ғы жы­лы ен­гі­зі­л­ген­дер­дің са­ны неме­се өн­ді­рі­стік қу­а­ты
    Бас­шы­лық ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    ТЕ­ӘА, ла­у­а­зы­мы
    Элек­трон­дық по­шта, те­ле­фон (жұ­мыс, ұя­лы)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Аббревиатураларды ашып көрсету:
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
    ҚРЖ – құрылыс ресурстарының жіктеуіші;
    ТЕӘА – тегі, есімі, әкесінің аты.

    Құрылыстағы баға мониторингі

    үшін құрылыс материалдарын,

    бұйымдарын, конструкцияларын,

    жабдықтарын өндіруді (дайындауды)

    және жеткізуді жүзеге асыратын

    кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін

    қалыптастыру және жүргізу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/ kds?lang=ru

    Әкімшілік нысанның атауы: Жеткізуші (өндіруші) туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: нысан № 02-ПР

    Кезеңділігі: жылдық

    Есепті кезең: __жыл

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын Тізбені уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсының орналастырған күннен бастап күнтізбелік 25 күннен кешіктірілмей.

    Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде.

    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

    (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

    Жеткізуші (өндіруші) туралы ақпарат

    Ата­уы, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­са­ны
    Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН, болған жағ­дай­да)
    ӘА­ОС (әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер сы­нып­та­уы­шы) ко­ды бой­ын­ша ор­на­лас­қан же­рі
    КРЖ сәй­кес құ­ры­лыс ма­те­ри­а­лы­ның, бұй­ы­мы­ның, кон­струк­ци­я­сы­ның, жабды­ғы­ның ко­ды
    КРЖ коды­на сәй­кес құ­ры­лыс ма­те­ри­а­лы­ның, бұй­ы­мы­ның, кон­струк­ци­я­сы­ның, жабды­ғы­ның ата­уы
    Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның, бұй­ым­да­ры­ның, кон­струк­ци­я­ла­ры­ның, жаб­дық­та­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша ағым­да­ғы жы­лы ен­гі­зі­л­ген­дер­дің са­ны неме­се өн­ді­рі­стік қу­а­ты
    Бас­шы­лық ту­ра­лы мә­лі­мет­тер / Све­де­ния о ру­ко­во­ди­те
    ТЕ­ӘА, ла­у­а­зы­мы
    Элек­трон­дық по­шта, те­ле­фон (жұ­мыс, ұя­лы)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Ұсынылған ақпараттың шынайылығын, оның ішінде, банкрот болып табылмайтындығын растаймын, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық рәсіміне немесе таратылуға жатпаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісімімді беремін.
    Атауы _____________________
    Мекен-жайы ______________________
    Телефон _________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы__________________________

    Орындаушы ________________________________ ________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)) электрондық цифрлық қолы

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

    _______________________________ ______________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)) электрондық цифрлық қолы

    М.О. _________________________________________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған

    «Жеткізуші (өндіруші) туралы

    ақпарат» нысанға

    қосымша

    «№ 02-ПР» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    (форманың индексі және жиілігі)

    Әкімшілік нысанда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

    Аббревиатураларды декодтау:

    БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

    КСР - құрылыс ресурстарының жіктеуіші;

    ТАӘ-Тегі, Аты, Әкесінің аты.

    Әдістемелік түсіндірмелер: тізбе құрылыстағы бағаларға мониторинг жүргізу кезінде сметалық нормативтерде пайдаланылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың номенклатурасын барынша толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады

    Арифметикалық-логикалық бақылау (қажет болған жағдайда)

    1-жолда атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі.

    2-жолда сәйкестендіру нөмірі (бар болса БСН) көрсетіледі.

    3-жолда ӘАОС (әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы) коды бойынша орналасқан жері көрсетіледі

    4-жолда КСР сәйкес құрылыс материалының, бұйымның, конструкцияның, жабдықтың коды көрсетіледі.

    5-жолда КСР кодына сәйкес құрылыс материалының, бұйымның, конструкцияның, жабдықтың атауы көрсетіледі.

    6-жолда құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының, жабдықтарының түрлері бойынша ағымдағы жылы әкелінген өндірістік қуаты немесе саны көрсетіледі.

    7-жолда аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.

    8-жолда электрондық пошта, телефон (жұмыс, ұялы) көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.