Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабына, 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Аягөз ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 28 мамырдағы № 4 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІМ:

    1. Абай облысы Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп аудан әкімінің орынбасары Е.Молдабаевты тағайындаймын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аягөз ауданының әкімінің міндетін атқарушысы

    А.Нұғымаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.