2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 мамыр 2026 ж.

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланған күннен кейін оның Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.С. Ахметоваға жүктелсін.

    Жуалы ауданының әкімі

    Ж. Мұртаза

    Жуалы ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «___» __________

    № _____ қаулысына қосымша

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы
    Қызмет түрлері
    Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)
    1.
    «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
    3176,5
    2
    Жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар
    Психоневрологиялық аурулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар
    8826,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.