Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 8C-10/15 «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 8C-10/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8647-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына бір рет, екі жылда бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
3) 9 мамыр - Жеңіс күні;
4) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
5) 1 қазан - Қарттар күні;
6) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күні;
7) 16 желтоқсан - Тəуелсіздік күні.
Әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.»;
10- тармақтың 3), 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«3) 9 мамыр - Жеңіс күніне:
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
11-тармақтың 5), 7) тармақшалары жойылсын;
11-тармақтың 1-1), 2), 4), 6), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1-1) өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бірақ ол басталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруға шалдыққан, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата - аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде бір рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
9) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.»;
12-тармақтың 1) тармақшасы жойылсын;
12-тармақтын 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Бұланды ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.»;
15-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
_________ Н. Сексенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.