Ақкөл ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 мамыр 2026 ж.

    Ақкөл ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасы на сәйкес жалпы алаңы 659,4 гектар Ақкөл ауданы Ерназар ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақкөл ауданының әкімі

    Б. Әбдірахманов

    Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы

    С. Абаханов

    Бірлескен Ақкөл ауданы

    әкімдігінің қаулысына

    2026 жылғы 26 мамырдағы

    № А-5/119 қаулысы

    1-қосымша

    Ақкөл аудандық мәслихатының

    2026 жылғы 26 мамырдағы

    № С 60-3 шешіміне

    1-қосымша

    Ақкөл ауданы Ерназар ауылының шекарасы (шегі)

    ШАРТТЫ БЕЛГІСІ

    - Шекара (шегі)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.