«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 мамыр 2026 ж.

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

    2-тармақта:

    6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) жеке әріптес – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – МЖӘ туралы ҚР Заңы) сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;»;

    8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) медициналық цифрлық жүйе (бұдан әрі – МЦЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;

    9) медициналық-экономикалық тариф (бұдан әрі – МЭТ) – ТМККК шеңберінде онкологиялық аурулары бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға ақы төлеу үшін клиникалық хаттамалар негізінде қалыптастырылатын бір емделіп шығу жағдайы үшін орташа құн;»;

    16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «16) референттік денсаулық сақтау субъектісі – ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде тарифтерді әзірлеу және қайта қарау үшін ақпарат беру жөніндегі денсаулық сақтау субъектісі;

    17) стационарлық науқастың медициналық картасы – уәкілетті орган бекіткен және стационарда көрсетілген медициналық көмектің сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін пациенттердің денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысаны;»;

    24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «24) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі – цифрлық денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар (бұдан әрі – цифрлық орта субъектілері).»;

    9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуге байланысты нақты шығындарының дербестендірілген есебін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін МЦЖ-ның болуы;»;

    16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Цифрлық орта субъектісі жауапты адамның деректерін және талап етілетін қол жеткізу мерзімін көрсете отырып, ресми сұрау салу ұсынылғаннан кейін жұмыс органына цифрлық ресурстарға және денсаулық сақтаудың цифрлық жүйелеріне қол жеткізуді береді. Жұмыс органы жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес медициналық деректерін қорғауды қамтамасыз ететін Кодекстің 62-бабының талаптарына сәйкес ұсынылған қол жеткізуді пайдаланады.

    17. Референттік денсаулық сақтау субъектілер жұмыс органына осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне (бұдан әрі – ҚР Цифрлық кодексі) мынадай талаптарға сәйкес электрондық және (немесе) қағаз форматта ұсынады:

    1) өтінім материалдары тігіледі, нөмірленеді және ол болған кезде мөрмен және референттік денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолымен расталады;

    2) қаржы құжаттарына референтті денсаулық сақтау субъектісінің басшысы және бас бухгалтері немесе оларды алмастырушы адамдар қол қояды және референтті денсаулық сақтау субъектілерінің мөрімен бар болғанда куәландырады;

    3) электрондық форматта ұсынылатын ақпаратты ҚР Цифрлық кодексіне сәйкес референттік денсаулық сақтау субъектілері рәсімдейді.»;

    32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. Тарифтерді пилоттық тестілеу уәкілетті органның шешімі негізінде денсаулық сақтау субъектілерінің қатысуымен денсаулық сақтаудың цифрлық жүйелерінде жүргізіледі.

    33. Тарифтерді пилоттық тестілеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

    1) тарифтерді пилоттық тестілеу рәсімдерін тиісінше іске асыруды қамтамасыз ету үшін жұмыс тобын құру;

    2) цифрлық орта субъектілерімен денсаулық сақтаудың цифрлық жүйелерін әзірлеу;

    3) денсаулық сақтау субъектілерінің тарифтерді пилоттық тестілеуді өткізу үшін деректерді денсаулық сақтаудың цифрлық жүйелеріне енгізу;

    4) жұмыс органымен денсаулық сақтаудың цифрлық жүйелерінен алынған деректерге талдауды жүргізу;

    5) жұмыс органымен тарифтерді пилоттық тестілеу нәтижелері бойынша есепті қалыптастыру.»;

    37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «37. Қабылдануы осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген уәкілетті орган актісінің көшірмесі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде цифрлық орта субъектісіне, жұмыс органына жіберіледі. Цифрлық орта субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде цифрлық ресурстарға және денсаулық сақтаудың цифрлық жүйелеріне енгізеді.»;

    көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:

    3-тармақта:

    5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне кіретін аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кент және «Бекітілген халық тіркелімі» цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» ЦЖ) тіркелген халыққа қызметтер кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектісі;»;

    7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) ауыл халқына ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – түзету коэффициенттерін ескере отырып, «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына шаққандағы ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтері кешенінің құны;»;

    13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «13) «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ДНЭТ» ЦЖ) – диспансерлік науқастарды уақтылы анықтаудың, тұрақты байқаудың және тұрақты сауықтырудың бірыңғай цифрлық жүйесі;

    14) «ДНЭТ» ЦЖ-ның «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» кіші жүйесі (бұдан әрі – ННТ) – психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастардың деректерін цифрлық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай цифрлық жүйесі;

    15) «ДНЭТ» ЦЖ-ның «Психикалық науқастардың тіркелімі» кіші жүйесі (бұдан әрі – ПНТ) – психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар науқастардың деректерін цифрлық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай цифрлық жүйесі;

    16) «ДНЭТ» ЦЖ-ның «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» кіші жүйесі (бұдан әрі – ТАНҰТ) – туберкулезбен ауыратын науқастардың деректерін цифрлық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай цифрлық жүйесі;

    17) достық кабинетіне жүгінген халықтың негізгі топтарынан бір адамға арналған тариф – достық кабинетіне жүгінген халықтың негізгі топтарының біріне шаққандағы ТМККК шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;»;

    27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «27) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – МСАК КЖН) – МСАК денсаулық сақтау субъектісіне «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің құны;»;

    34) тармақша алып тасталсын;

    36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «36) психикалық денсаулық орталығының бір науқасына арналған кешенді тариф – «ДНЭТ» ЦЖ-ның ННТ және ПНТ кіші жүйелерінде тіркелген бір науқасқа шаққандағы ТМККК шеңберінде психикалық денсаулық орталықтарының науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;»;

    44) тармақша алып тасталсын;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметке байланысты:

    1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі), «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген нормативтер бойынша, жұмыскерлерге қосымша ақшалай төлемдер және денсаулық сақтау жүйесінің медицина жұмыскерлерінің жалақысын арттыруды қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілері жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу;

    2) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар және (немесе) жарналар, «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34803 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға арналған шығыстар;

    3) клиникалық хаттамаларға және тиісті жылға арналған бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, шығыс материалдарын, сондай-ақ дәрі қобдишалар, арнайы емдік өнімдерді сатып алу (қамтамасыз ету);

    4) «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациенттерді тамақтандыру және жұмсақ мүкәммалмен жарақтандыру;

    5) Еңбек кодексіне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

    6) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеу;

    7) өзге шығыстарды, оның ішінде байланыс қызметтері, интернетті қоса алғанда, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алу (қамтамасыз ету), оның ішінде цифрлық жүйелерге қызмет көрсету, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету, банк қызметтеріне ақы төлеу;

    ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру кезінде рентабельділік және пайда қосылмайды.

    ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын кезеңділікпен жүзеге асырылады.

    Тарифтерді қалыптастыру кезінде ақпарат көздері Қағидалармен бекітілген нысандар, денсаулық сақтаудың цифрлық жүйелерінің деректері және басқа да көздер болып табылады.

    ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді Кодекстің 7-бабының 65) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. МСАК КЖН айына «БХТ» ЦЖ-да МСАК субъектісіне тіркелген, бекітілген бір тұрғынға айқындалады.»;

    8, 8-2 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Айына МСАК субъектісіне «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға МСАК КЖН есебі түзету коэффициенттерін ескере отырып, кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

    МСАК КЖН = КЖНбаз.МСАК × ЖЖКмсак + КЖНбаз.МСАК × (Ктығыз.аудан – 1) + КЖНбаз.МСАК × (Кжылыту аудан – 1) + КЖНбаз.МСАК × (Кэколог. – 1) + КЖНбаз.МСАК × (Кауыл обл. – 1) + КЖНбаз.МСАК × (К_ұәк – 1) + КЖНбаз.МСАК × (К_БайқоңырАЕК – 1) + КЖНбаз.МСАК × (Кn – 1), мұндағы:

    КЖНбаз.МСАК – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, бекітілген бір адамға айына түзету коэффициенттерін ескерусіз айқындалған МСАК субъектілері үшін алдағы қаржы жылына арналған МСАК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Vмсак_ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халыққа МСАК көрсетуге арналған қаржыландырудың жоспарланған жылдық көлемі;

    Vэкол_ҚР – «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ) және « Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы » Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ) сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын облыстар үшін экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    m – МСАК-ті қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

    ЖЖКқр – Қазақстан Республикасы халқының орташа жыныстық-жастық құрылымы бойынша «БХТ» ЦЖ деректерінің негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖЖКқр = (ЖЖКобл.1 + ЖЖКобл.2 +... + ЖЖКобл. i) / n, мұндағы:

    n – өңірлер саны

    ЖЖКобл. – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖЖКобл. = ∑ (Собл. k/n × ЖЖКмсак(n)) / Собл., мұндағы:

    Собл. – «БХТ» ЦЖ тіркелген өңірдің бекітілген халқының саны;

    Собл. k/n – «БХТ» ЦЖ тіркелген жыныстық-жас тобына жататын халықтың нөмірі n, өңірдің бекітілген халық саны нөмірі k;

    ЖЖКмсак(n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жыныстық-жастық топтың n нөмірінің жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

    МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына арналған МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықты еркін бекіту науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

    Ктығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халық тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.ҚР = (Ктығыз.аудан.1 × Саудан1+ Ктығыз.аудан2 × Саудан2 + ... + Ктығыз.аудан.i × Саудан i) / n, мұндағы:

    n – аудандар саны

    Ктығыз.аудан – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.аудан = 1 + С × Тығыз.ҚР / Тығыз.аудан халқ., мұндағы:

    С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық санынан халық тығыздығының ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

    Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.ҚР = Сқр / Ѕқр, мұндағы:

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Ѕқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

    Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала халқының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.аудан халқ. = Саудан / Ѕаудан, мұндағы:

    Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Ѕаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы.

    Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2 (екіге) тең.

    Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5 (бір жарымға) тең.

    Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1 (бірлікке) тең.

    Кауыл.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кауыл.ҚР = (Кауыл.обл. 1 × Собл.1 + Кауыл.обл.2 × Собл.2 + ... + Кауыл. обл.і × Cобл.i) / n, мұндағы:

    n – өңірлер саны

    Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кауыл.обл. = 1 + 0,25 × (Сауыл і / Собл.і × ЕҮауыл), мұндағы:

    ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

    Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны;

    Собл – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

    Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына байланысты қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1 (бірлікке) тең.

    Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша үстемеақымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көзделеді.

    Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.) / Vмсак, мұндағы:

    Vмсак – МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

    Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

    КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КжылытуҚР = (Кжылыту аудан1 × Саудан1+ Кжылыту аудан2 × Саудан2 + ... + Кжылыту аудан і × Саудан i) / n, мұндағы:

    n – аудандар саны

    Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту × (Каудан – КҚР/орта.) / КҚР/орта., мұндағы:

    Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытудың жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

    Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала бойынша жылыту маусымының кезеңі;

    КҚР/орта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КҚР/орта. = (Каудан 1 + Каудан 2 + ...+ Каудан i) / n

    n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны.

    К_ұәк – өңірлік медициналық ұйымдарға ҰӘК көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және республикалық МСАК орталығына қолданылатын коэффициент, ол мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

    К_ұәк = 1 + (S іссапар шығындары + ЕАҚ тартыл.персонал) / (V МСАК қарж.), мұндағы:

    S іссапар шығыстары – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың және республикалық МСАК орталығының іссапар шығыстарына жұмсалатын шығындардың жылдық сомасы;

    ЕАҚ тартыл.персонал – басшының орынбасарының 1 штат бірлігіне, құрылымдық бөлімшелер басшыларының 3 штат бірлігіне, сарапшы дәрігердің 4 штат бірлігіне (жоғары медициналық білімі бар), дәрігер-статистің 6 штат бірлігіне, сарапшының 6 штат бірлігіне, экономистің 0,5 штат бірлігіне, заңгердің 0,5 штат бірлігіне, IT-маманның 0,5 штат бірлігіне есептегенде тартылатын персоналдың еңбегіне ақы төлеу қоры.

    V МСАК қарж. – ағымдағы жылдың бекітілген халқын ескере отырып, МСАК бойынша өткен жылғы жалпы шығыстардың жылдық сомасы.

    К_БайқоңырАЕК – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға арналған түзету коэффициенті.

    К_БайқоңырАЕК = (Vаек + Vқос_аек) / Vаек, мұндағы:

    Vаек – өткен жыл үшін Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісін қаржыландыру көлемі;

    Vқос_аек – МСАК субъектісіне Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы медициналық қызметкерлердің жалақысы және коммуналдық қызметтер бойынша шығындар айырмасын өтеуге арналған қосымша қажеттілік сомасы;

    Vқос_аек = Vаж_қосаек + Vкомм_қосаек, мұндағы:

    Vаж_қосаек – медициналық қызметкерлердің жалақысы бойынша Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы шығындар айырмасын өтеуге арналған қосымша қажеттілік сомасы:

    Vаж_қосаек = (АЖдмқ_рф × Сдмқ + АЖобмқ_рф × Собмқ + АЖкмқ_рф × Скмқ) − (АЖдмқ_қр × Сдмқ + АЖобмқ_қр × Собмқ + АЖкмқ_қр × Скмқ), мұндағы:

    АЖдмқ_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық ұйымындағы дәрігерлік медициналық қызметкерлердің (бұдан әрі – дмқ) орташа айлық жалақысы;

    АЖобмқ_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық ұйымындағы орта буын медициналық қызметкерлердің (бұдан әрі – обмқ) орташа айлық жалақысы;

    АЖкмқ_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық ұйымындағы кіші медициналық қызметкерлердің (бұдан әрі – кмқ) орташа айлық жалақысы;

    АЖдмқ_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық ұйымындағы дмқ орташа айлық жалақысы;

    АЖобмқ_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық ұйымындағы обмқ орташа айлық жалақысы;

    АЖкмқ_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасы медициналық ұйымындағы кмқ орташа айлық жалақысы;

    Сдмқ – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін дмқ саны;

    Собмқ – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін обмқ саны;

    Скмқ – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін кмқ саны;

    Vкомм_қосаек – МСАК субъектісіне Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы коммуналдық қызметтер бойынша шығындар айырмасын өтеуге арналған қосымша қажеттілік сомасы;

    Vкомм_қосаек = (Vэ/э1 × Тэ/э_рф × Ба + Vэ/э2 × Тэ/э_рф × Ба + ... + Vэ/э12 × Тэ/э_рф × Ба) + (Vс/с1 × Тс/ж_рф × Ба + Vс/с2 × Тс/ж_рф × Ба + ... + Vс/с12 × Тс/ж_рф × Ба) + (Vк1 × Тк_рф × Ба + Vк2 × Тк_рф × Ба + ... + Vк12 × Тк_рф × Ба) − (Vэ/э1 × Тэ/э_қр + Vэ/э2 × Тэ/э_қр + ... + Vэ/э12 × Тэ/э_қр) + (Vс/с1 × Тс/ж_қр + Vс/с2 × Тс/ж_қр + ... + Vс/с12 × Тс/ж_қр) + (Vк1 × Тк_қр + Vк2 × Тк_қр + ... + Vк12 × Тк_қр), мұндағы:

    Vэ/э1, Vэ/э2 ... Vэ/э12 – өткен жылдың тиісті айлары бойынша Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың тұтынған электр энергиясының көлемі;

    Vс/с1, Vс/с2 ... Vс/с12 – өткен жылдың тиісті айлары бойынша Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың тұтынған су көлемі;

    Vк1, Vк2 ... Vк12 – өткен жылдың тиісті айлары бойынша Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға көрсетілген кәріз қызметтерінің көлемі;

    Тэ/э_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының энергиямен жабдықтаушы ұйымының электр энергиясы тарифі;

    Тэ/э_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы электр энергиясы тарифі;

    Тс/ж_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының сумен жабдықтаушы ұйымының сумен жабдықтау тарифі;

    Тс/ж_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау тарифі;

    Тк_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының суды бұру тарифі;

    Тк_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы суды бұру тарифі;

    Ба – рубльді теңгеге қайта есептеу кезіндегі бағамдық айырма.

    Kn – МСАК КЖН-ге қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).

    8-2. МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге арналған жан басына шаққандағы норматив айына ірілендіруге жататын МСАК субъектісіне бекітілген бір қала тұрғынына (облыстық, республикалық маңызы бар қалаға және астанаға) айқындалады және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    ЖНірілендіру=Vірілендіру / Схалқ.ірілендіру үшін/ m, мұндағы:

    ЖНірілендіру – МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге арналған жан басына шаққандағы норматив;

    Vірілендіру – халыққа МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

    Схалқ.ірілендіру үшін – ірілендіруге жататын МСАК медициналық ұйымдарында бекітілген қала халқының есептесу саны;

    m – МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруді қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлар саны.

    Ірілендіру МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бекітілген халық саны 10 мың адамға дейінгі жаңа МСАК орталықтарын құру жолымен 30 мыңнан асатын бекітілген халық саны бар МСАК ұйымдарында (қала халқына қызмет көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) жүргізіледі.

    Бір бекітілген тұрғынға (облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана) МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге түзету коэффициенттері ескеріле отырып, айына ірілендіруге жататын МСАК субъектісіне жан басына шаққандағы нормативтің есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    ЖНірілендіру обл.i = ЖНірілендіру × Кжжк.қала.i + ЖНірілендіру × (Ктығыз.аудан i – 1) + ЖНірілендіру × (Кжылыту аудан i – 1) + ЖНірілендіру × (Кэколог.обл. i – 1), мұндағы:

    Ктығыз.аудан – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.аудан = 1 + С × Тығыз.ҚР / Тығыз.аудан халқ., мұндағы:

    С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық санынан халық тығыздығының ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

    Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша орташа халық тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.ҚР = Сқр/Sқр, мұндағы:

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

    Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала халқының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады.

    Тығыз.аудан халқ. = Саудан / Sаудан, мұндағы:

    Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Ѕаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті аудан, қала аумағының ауданы;

    Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2 (екіге) тең.

    Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5 (бір жарымға) тең.

    Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1 (бірлікке) тең.

    Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту × (Каудан – КҚР/орта.) / КҚР/орта., мұндағы:

    Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

    Үжылыту – өткен жылға тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындарының жалпы жылдық көлеміндегі жылытудың жылдық көлемінің шығындарының үлесі;

    Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала бойынша жылыту маусымының кезеңі;

    КҚР/орта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылу маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КҚР/орта. = (Каудан 1 + Каудан 2 + … + Каудан i) / n

    n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны

    Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көзделеді.

    Кэколог. i = (Vмсак + Vэкол.) / Vмсак, мұндағы:

    Vмсак – МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі;

    Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарындағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

    Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1 (бірлікке) тең.

    Кжжк.қала.і – өңір бойынша қала халқының медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жасына байланысты түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кжжк.қала.і = ∑ (Сқала k/n × ЖЖКмсак(n)) / Сқала, мұндағы:

    Сқала – «БХТ» ЦЖ-да өңірдің тіркелген қала халқының саны;

    Сқала к/n – «БХТ» ЦЖ тіркелген өңірдің бекітілген қала халқының саны жыныстық жас тобына жататын халықтың k нөмірі n нөмірі;

    ЖЖКмсак(n) – МСАК кешенді жан басына шаққандағы нормативін есептеудің кешенді формуласына кестеге сәйкес n нөмірі жыныстық жас тобының жыныстық-жас түзету коэффициенті;

    МСАК субъектісіне бекітілген халық саны мен халықтың жыныстық-жас құрамы халықтың еркін бекіту науқанының нәтижелері бойынша немесе алдағы қаржы жылына МСАК көрсетуге қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

    Ірілендіру бекітілген халық саны 10 мың адамға дейін жаңа МСАК орталықтарын құру жолымен бекітілген халық саны 30 мыңнан асатын МСАК ұйымдарында (қала халқына қызмет көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

    Kn – МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге арналған жан басына шаққандағы нормативке қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).

    9. Айына МСАК субъектісіне «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға кезек күттірмейтін көмек (бұдан әрі – КК) көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативті есептеу кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

    ЖН_КК = ЖНбаз.ККҚР × ЖЖК КК + ЖНбаз.ККҚР × (Ктығыз.аудан – 1) + ЖНбаз.ККҚР × (Кжылыту аудан – 1) + ЖНбаз.ККҚР × (Кауыл обл. – 1) + ЖНбаз.ККҚР × (Кэколог. – 1) + ЖНбаз.ККҚР × (Кn – 1), мұндағы:

    ЖНбаз.ККҚР – Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын түзету коэффициенттері ескерілмей айқындалған, бір айға «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға арналған КК базалық жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

    ЖНбаз.ККҚР = ЖНорта.ККҚР / (ЖЖК ҚР + (Ктығыз.ҚР – 1) + (КжылытуҚР – 1) + (КауылҚР – 1), мұндағы:

    ЖНорта.ККҚР – алдағы қаржы жылына арналған Қазакстан Республикасы бойынша айына бір тұрғынға КК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативтің орташа компоненті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖНорта.ККҚР = (V ККҚР – V экол_қр) / Сқр / m, мұндағы:

    V ККҚР – халыққа КК көрсетуге арналған Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

    V экол_қр – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген халықтың КК көрсету бойынша барлық денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халық саны;

    m – КК қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны.

    ЖЖК ҚР – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша «БХТ» ЦЖ деректерінің негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖЖК ҚР = (ЖЖКобл.1 + ЖЖКобл.2 + .. + ЖЖКобл.i) / n, мұндағы:

    n – өңірлер саны

    ЖЖКобл. – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖЖКобл. = ∑ (Собл. k/n × ЖЖКмсак(n)) / Собл., мұндағы:

    Собл. – «БХТ» ЦЖ тіркелген өңірдің бекітілген халық саны;

    Собл. k/n – «БХТ» ЦЖ тіркелген жыныстық-жас тобына жататын халықтың нөмірі n, өңірдің бекітілген халық саны нөмірі k;

    ЖЖКмсак(n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті n нөмірі;

    МСАК субъектісіне бекітілген халық саны және халықтың жыныстық-жас құрамы халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады, олар алдағы қаржы жылына арналған МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылады.

    Ктығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халық тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.ҚР = (Ктығыз.аудан 1 × Саудан 1 + Ктығыз.аудан 2 × Саудан 2 + … + Ктығыз.аудан i × Саудан i) / n, мұндағы:

    n – аудандар саны

    Ктығыз.аудан – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.аудан = 1 + С × Тығыз.ҚР / Тығыз.аудан халқ., мұндағы:

    С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық санынан халық тығыздығының ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

    Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.ҚР = Сқр / Sқр, мұндағы:

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

    Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала тұрғындарының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.аудан халқ. = Саудан / Sаудан, мұндағы:

    Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы.

    Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2 (екіге) тең.

    Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5 (бір жарымға) тең.

    Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1 (бірлікке) тең.

    КауылҚР – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алудың орташа коэффициенті, ол мына формула бойынша айқындалады:

    КауылҚР = (Кауыл.обл.1 × Собл.1 + Кауыл.обл.2 × Собл.2 + ... + Кауыл.обл.і × Cобл.i) / n, мұндағы:

    n – өңірлер саны

    Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кауыл.обл.i = 1 + 0,25 × (Сауыл.і / Собл.і × ЕҮауыл), мұндағы:

    ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

    Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны;

    Собл. – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

    Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1 (бірлікке) тең.

    Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көзделеді.

    Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.) / Vмсак, мұндағы:

    Vмсак – МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі;

    Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

    КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КжылытуҚР = (Кжылыту аудан 1 × Саудан 1 + Кжылыту аудан 2 × Саудан 2 + ... + Кжылыту аудан і × Саудан i) / n, мұндағы:

    n – аудандар саны

    Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту × (Каудан – КҚР/орта.) / КҚР /орта., мұндағы:

    Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

    Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытуды жылдық көлеміне шығындардың үлесі;

    Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала бойынша жылыту маусымының кезеңі;

    КҚР/орта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КҚР/орта. = (Каудан 1 + Каудан 2 + ...+ Каудан i) / n

    n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны.

    Kn – КК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативке қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығы негізінде бір айға МСАК субъектісіне бекітілген бір оқушыға интернат ұйымдарына жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық көмек көрсетуге арналған түзету коэффициенттерін ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтің есебі, ол мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    ЖНММ = ЖНММ ҚР × Ктығыз.аудан + ЖНММ ҚР × (Кжылыту аудан – 1) + ЖНММ ҚР × (Кэколог. – 1) + ЖНММ ҚР × (Кауыл.обл. – 1), мұндағы:

    Ктығыз.аудан – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығның коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.аудан = 1 + С × Тығыз.ҚР / Тығыз.аудан халқ., мұндағы:

    С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық санынан халық тығыздығының ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

    Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.ҚР = Сқр / Sқр, мұндағы:

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқаны нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

    Тығыз.аудан халқ. – аудан немесе қаладағы халықтың тығыздығы мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    Тығыз.аудан халқ. = Саудан / Sаудан, мұндағы:

    Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы;

    Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2 (екі) тең.

    Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5 (бір жарымға) тең.

    Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1 (бірлікке) тең.

    Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту × (Каудан – КҚР/орта.) / КҚР/орта., мұндағы:

    Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

    Үжылыту – амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері деректерінің негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлеміндегі жылытудың жылдық көлеміне арналған шығыстардың үлесі;

    Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала бойынша жылыту маусымының кезеңі;

    КҚРорта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КҚРорта. = (Каудан 1 + Каудан 2 + ... + Каудан і) /n

    n – ҚР аудандарының саны

    Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кауыл.обл. i = 1 + 0,25 × (Сауыл і / Собл.і × ЕҮауыл), мұндағы:

    ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

    Собл. – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны;

    Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» ЦЖ-да МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халық саны.

    Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін ауылдық жерде жұмыс істегені үшін берілетін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті тек қана ауыл халқының санына қолданылады, қала тұрғындары үшін коэффициент 1 (бірлікке) тең.

    Ауылдық елді мекендерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті ауыл субъектілеріне қолданылады.

    Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көзделеді.

    Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.) / Vмсак, мұндағы:

    Vмсак – МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

    Vэкол. – Арал өңірі азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптасатын экологиялық апат аймақтарындағы жұмыс үшін үстемеақы.»;

    18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Түзету коэффициенттерін есепке алғанда бір медициналық қызмет тарифін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    Тмқш_i-РР n = Шмқ_i-Р + Шмқ_i-Р × (K1-1) +…+ Шмқ_i-Р × (Kn – 1), мұндағы:

    Тмқш_i-РР n – тікелей және үстеме шығыстарды айқындау әдісінің негізінде түзету коэффициенттерін есепке ала отырып есептелген n түріндегі бір медициналық қызметтің тарифі;

    Мқш_i-Р – тікелей және үстеме шығыстарды айқындау әдісінің негізінде түзету коэффициенттерін есепке алмай есептелген бір медициналық қызметтің орташа есеп айырысу құны, мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    Мқш_i-Р = Штікелей_i + Шүстеме_i, мұндағы:

    i – медициналық қызметтер тарификаторына сәйкес тізбе бойынша медициналық қызметтің түрі;

    Штікелей_i – осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген медициналық қызмет (i) көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге және осы Әдістеменің 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген шығыстарды және осы Әдістеменің 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қосалқы бөлшектерді ауыстыруды қоса алғанда, медициналық жабдыққа сервистік қызмет көрсетуге арналған шығыстарды қамтитын бір медициналық қызмет көрсетуге арналған тікелей шығыстардың есептік сомасы, жалақыны есептеу үшін ресми статистикалық ақпарат деректері бойынша ағымдағы қаржы жылының денсаулық сақтау саласының орташа айлық жалақысы пайдаланылады.

    Шүстеме_i – мынадай формула бойынша айқындалатын, осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен және осы Әдістеменің 4-тармағының 5)-7) тармақшаларымен көзделген медициналық қызмет (i) көрсетуге тікелей қатыспайтын денсаулық сақтау субъектілері қызметкерлерінің қосалқы (жанама) еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды қамтитын бір медициналық қызметке есептегендегі үстеме шығыстардың сомасы:

    Шүстеме_i = ЖАi × kүстеме, мұндағы:

    ЖАi – осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептелген медициналық қызмет (i) көрсететін денсаулық сақтау субъектілердің медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың орташа есептік сомасы пайдаланылады;

    kүстеме – үстеме шығыстардың коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    kүстеме = Шүстеме_мұ / ЖАмп, мұндағы:

    Шүстеме_мұ – МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің үстеме шығыстарының орташа есеп айырысу сомасы, ол медициналық қызмет көрсетуге тікелей қатыспайтын денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне қосымша (жанама) еңбекақы төлеуге осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен және осы Әдістеменің 4-тармағының 5)-7) тармақшаларымен көзделген шығыстарды қамтиды;

    ЖАмп – осы Әдістеменің 4 тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептелген денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың орташа есептік сомасы пайдаланылады.

    K1, … Kn – Арал өңіріндегі азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және ССЯП азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ жылыту мауысымның ұзақтығы, сондай-ақ Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қолданылдатын және басқа да коэффициенттерге сәйкес ауылдық жердегі жұмысы, экологиялық апатты аймақтарындағы жұмысы үшін үстемеақы төлеуге арналған шығыстарды ескере отырып, медициналық қызметтің құнын түзету мақсатында қолданатын түзету коэффициенттері.

    К_БайқоңырАЕК – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға арналған түзету коэффициенті.

    К_БайқоңырАЕК = (Vаек + Vқос_аек) / Vаек, мұндағы:

    Vаек – өткен жыл үшін Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісін қаржыландыру көлемі;

    Vқос_аек – МСАК субъектісіне Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы медициналық персоналдың жалақысы және коммуналдық қызметтер бойынша шығындар айырмасын өтеуге арналған қосымша қажеттілік сомасы;

    Vқос_аек = Vаж_қосаек + Vкомм_қосаек, мұндағы:

    Vаж_қосаек – медициналық персоналдың жалақысы бойынша Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы шығындар айырмасын өтеуге арналған қосымша қажеттілік сомасы:

    Vаж_қосаек = (АЖдмқ_рф × Сдмқ + АЖобмқ_рф × Собмқ + АЖкмқ_рф × Скмқ) − (АЖдмқ_қр × Сдмқ + АЖобмқ_қр × Собмқ + АЖкмқ_қр × Скмқ), мұндағы:

    АЖдмқ_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық ұйымындағы дмқ орташа айлық жалақысы;

    АЖобмқ_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық ұйымындағы обмқ орташа айлық жалақысы;

    АЖкмқ_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық ұйымындағы кмқ орташа айлық жалақысы;

    АЖдмқ_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық ұйымындағы дмқ орташа айлық жалақысы;

    АЖобмқ_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық ұйымындағы обмқ орташа айлық жалақысы;

    АЖкмқ_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық ұйымындағы кмқ орташа айлық жалақысы;

    Сдмқ – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін дмқ саны;

    Собмқ – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін обмқ саны;

    Скмқ – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде МСАК көрсететін кмқ саны;

    Vкомм_қосаек – МСАК субъектісіне Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы коммуналдық қызметтерге арналған шығындар айырмасын өтеуге арналған қосымша қажеттілік сомасы;

    Vкомм_қосаек = (Vэ/э1 × Тэ/э_рф × Ба + Vэ/э2 × Тэ/э_рф × Ба + ... + Vэ/э12 × Тэ/э_рф × Ба) + (Vс/с1 × Тс/с_рф × Ба + Vс/с2 × Тс/с_рф × Ба + ...+ Vс/с12 × Тс/с_рф × Ба) + (Vк1 × Тк_рф × Ба + Vк2 × Тк_рф × Ба + ... Vк12 × Тк_рф × Ба) − (Vэ/э1 × Тэ/э_қр + Vэ/э2 × Тэ/э_қр + ... + Vэ/э12 × Тэ/э_қр) + (Vс/с1 × Тс/с_қр + Vс/с2 × Тс/с_қр + ... + Vс/с12 × Тс/с_қр) + (Vк1 × Тк_қр + Vк2 × Тк_қр + ... + Vк12 × Тк_қр), мұндағы:

    Vэ/э1, Vэ/э2 ... Vэ/э12 – өткен жылдың тиісті айлары бойынша Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың тұтынған электр энергиясының көлемі;

    Vс/с1, Vс/с2 ... Vс/с12 – өткен жылдың тиісті айлары бойынша Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың тұтынған су көлемі;

    Vк1, Vк2 ... Vк12 – өткен жылдың тиісті айлары бойынша Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға көрсетілген кәріз қызметтерінің көлемі;

    Тэ/э_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының энергиямен жабдықтаушы ұйымының электр энергиясы тарифі;

    Тэ/э_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы электр энергиясы тарифі;

    Тс/ж_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының сумен жабдықтаушы ұйымының сумен жабдықтау тарифі;

    Тс/ж_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау тарифі;

    Тк_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының суды бұру тарифі;

    Тк_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы суды бұру тарифі;

    Ба – рубльді теңгеге қайта есептеу кезіндегі бағамдық айырма.»;

    29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «29. Стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайына тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ткшт = БМкшт × ШКкшт i + БМкшт × ШКкшт i × (Kn1 – 1) + БМкшт × ШКкшт i × (Kn2 – 1) +... + БМкшт × ШКкшт i × (Knn – 1) + БМкшт × (ТК_академ – 1) + БМкшт × (ТК_ғик – 1)+ БМкшт × (К_ұәк – 1) + БМкшт × (К_БайқоңырММК – 1), мұндағы:

    Ткшт – КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының тарифі;

    i – КШТ-ның түрі немесе тобы;

    БМкшт – КШТ бойынша базалық мөлшерлеменің құны;

    ШКкшт i – КШТ-ның белгілі бір (і) түрінің шығын сыйымдылығы коэффициенті;

    Kn1, Kn2, …, Knn – түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерде жұмыс істегені үшін коэффициент, жылыту маусымы ұзақтығының коэффициенті және басқа да коэффициенттер).

    КауылҚР – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алудың орташа коэффициенті:

    КауылҚР = (Кауыл.обл. 1 + Кауыл.обл. 2 + … + Кауыл.обл. i)/n

    n – өңірлер саны;

    Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кауыл.обл. = 1 + 0,25 × (Сауыл / Собл. × ШҮауыл), мұндағы:

    ШҮауыл – ауыл субъектілеріне ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге арналған шығындар үлесі;

    Собл. – «БХТ» ЦЖ-да өңірдің бекітілген халық саны;

    Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген ауыл субъектілеріне бекітілген халық саны.

    Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көзделеді.

    Кэколог. = (VММК + Vэкол.) / VММК, мұндағы:

    VММК – стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

    Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

    К_ұәк – өңірлік медициналық ұйымдарға ҰӘК көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға қолданылатын коэффициент.

    ТК_ғик – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға халықаралық инновациялық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жолымен медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру үшін қолданылатын коэффициент.

    ТК_академ – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға қолданылатын, білім беруді, зерттеулер мен клиникалық практиканы интеграциялау арқылы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін қолданылатын коэффициент.

    Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту × (Каудан – КҚР/орта.) / КҚР/орта., мұндағы:

    Кжылыту аудан – аудан, қала бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

    Үжылыту – өткен жылғы жылыту маусымының ұзақтығын тиісті облыста немесе қалада стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері бойынша ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлеміндегі жылудың жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

    Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала бойынша жылыту маусымының кезеңі;

    КҚР/орта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мына формуламен айқындалады:

    КҚР/орта. = (Каудан 1 + К аудан 2 + … + К аудан i) / n

    n – Қазақстан Республикасы өңірлерінің саны.

    К_БайқоңырММК – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін түзету коэффициенті.

    К_БайқоңыррММК = (VММК + Vқос_ММК) / VММК, мұндағы:

    VММК – өткен жылы Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісін қаржыландыру көлемі;

    Vқос_ММК – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы медициналық персоналдың жалақысы мен коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге қосымша қажеттілік сомасы;

    Vқос_ММК = Vаж_қосммк + Vкомм_қосммк, мұндағы:

    Vаж_қосммк – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы медициналық персоналдың жалақысына жұмсалатын шығындарды өтеуге қосымша қажеттілік сомасы;

    Vаж_қосммк = (АЖдмп_рф × Cдмп + АЖомп_рф × Cобмп + АЖкмп_рф × Cкмп) – (АЖдмп_қр × Cдмп + АЖомп_қр × Cобмп + АЖкмп_қр × Cкмп), мұндағы:

    АЖдмп_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық мекемесінің дмп орташа айлық жалақысы;

    АЖобмп_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық мекемесінің обмп орташа айлық жалақысы;

    АЖкмп_рф – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Ресей Федерациясының медициналық мекемесінің кмп орташа айлық жалақысы;

    АЖдмп_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінің дмп орташа айлық жалақысы;

    АЖобмп_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінің обмп орташа айлық жалақысы;

    АЖкмп_қр – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінің кмп орташа айлық жалақысы;

    Cдмп – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін дмп саны;

    Cобмп – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін обмп саны;

    Cкмп – Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін кмп саны;

    Vкомм_қосммк – МСАК субъектілеріне Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы коммуналдық қызметтер шығындарының айырмашылығын өтеуге қосымша қажеттілік сомасы;

    Vкомм_қосммк = (Vэ/э1 × Тэ/э_рф × Ба + Vэ/э2 × Тэ/э_рф × Ба + ... + Vэ/э12 × Тэ/э_рф × Ба) + (Vс/ж1 × Тс/ж_рф × Ба + Vс/ж2 × Тс/ж_рф × Ба + ... + Vс/ж12 × Тс/ж_рф × Ба) + (Vк1 × Тк_рф × Ба + Vк2 × Тк_рф × Ба + ... + Vк12 × Тк_рф × Ба) – (Vэ/э1 × Тэ/э_қр + Vэ/э2 × Тэ/э_қр + ... + Vэ/э12 × Тэ/э_қр) + (Vс/ж1 × Тс/ж_қр + Vс/ж2 × Тс/ж_қр + ... + Vс/ж12 × Тс/ж_қр) + (Vк1 × Тк_қр + Vк2 × Тк_қр + ... + Vк12 × Тк_қр), мұндағы:

    Vэ/э1, Vэ/э2... Vэ/э12 – өткен жылдың тиісті айларында Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тұтынған электр энергиясының көлемі;

    Vс/ж1, Vс/ж2 ... Vс/ж12 – өткен жылдың тиісті айларында Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тұтынған су көлемі;

    Vк1, Vк2 ... Vк12 – өткен жылдың тиісті айларында Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға көрсетілген кәріз қызметтерінің көлемі;

    Тэ/э_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының энергиямен жабдықтаушы ұйымының электр энергиясына арналған тарифі;

    Тэ/э_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы электр энергиясына арналған тариф;

    Тс/ж_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының сумен жабдықтаушы ұйымының сумен жабдықтау тарифі;

    Тс/ж_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау тарифі;

    Тк_рф – Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының суды бұру тарифі;

    Тк_қр – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы суды бұру тарифі;

    Ба – рубльді теңгеге қайта есептеу кезіндегі бағамдық айырма.»;

    35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «35-1. Кадаврды мультиағзалық мүшелер және/немесе тіндерді алуға дайындау бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерге 10 (он) коэффициент қолданылады.»;

    39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «39. Психикалық денсаулық орталығының бір науқасына арналған кешенді тариф:

    1) диспансерлік есепте тұрған психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтардың (аурулардың) профилактикасына, психикалық денсаулығын зерттеп-қарауға, психикалық бұзылуларды диагностикалауға, психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды емдеуге, күтуге және медициналық-әлеуметтік оңалтуға бағытталған қызметтерді;

    2) психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтардың (аурулардың) профилактикасына, диспансерлік есепте тұрмайтын азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеуге бағытталған қызметтерді;

    3) психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде әлеуметтік-еңбектік оңалту, мынадай нысандарда: жедел медициналық жәрдем, амбулаториялық жағдайларда консультациялық-диагностикалық көмек, стационарлық жағдайларда, оның ішінде мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бойынша және стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді;

    4) психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) пайдалануға байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық көмек көрсетуге, ПБЗ-ны пайдалануға байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды диагностикалауға, емдеуге, күтуге, медициналық-әлеуметтік оңалтуға, ПБЗ-ны пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландыруға бағытталған қызметтерді;

    5) ПБЗ-ны пайдалануға байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде әлеуметтік-еңбектік оңалту, мынадай нысандарда: жедел медициналық жәрдем, амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда, оның ішінде мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бойынша және стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді қамтиды және көздейді.

    40. Психикалық денсаулық орталықтарының науқастарына медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне ПНТ, ННТ, «ДНЭТ» ЦЖ-да тіркелген айына психикалық денсаулық орталықтарының бір науқасына арналған кешенді тарифті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    КТпдо = (Vқарж.псих/нарко_жыл/Сорт.тізім псих/нарко_жыл/m, мұндағы:

    КТпдо – айына психикалық денсаулық орталықтарының бір науқасына арналған кешенді тариф;

    Vқарж.псих/нарко_жыл – алдағы қаржы жылына арналған шығыстарды ескере отырып, психикалық денсаулық орталығының науқастарына медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қаржыландыру көлемі;

    Сорт.тізім псих/нарко_жыл – психикалық денсаулық орталықтары науқастарының жылдық орташа тізімдік саны, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

    Сорт.тізім псих/нарко_жыл = (Спсих/нарко.жыл басы + Спсих/нарко.жыл басы × Қөсім/100)/2, мұндағы:

    Спсих/нарко.жыл басы – қаржы жылының басында ПНТ-да, ННТ-да тіркелген психикалық денсаулық орталықтары науқастарының саны;

    Қөсім – психикалық денсаулық орталықтары науқастарының соңғы үш жылдағы орташа өсу қарқыны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Қөсім = (Спсих/нарко.жыл соңы (n1)/Спсих/нарко.жыл басы (n1) × 100 + Спсих/нарко. жыл соңы (n2)/С псих/нарко.жыл басы (n2) × 100 + Спсих/нарко. жыл соңы (n3) /С псих/нарко. жыл басы (n3) × 100)/3 , мұндағы:

    Спсих/нарко. жыл басы – соңғы үш жыл кезеңінде (n1, 2, 3) жыл басына ПНТ, ННТ «ДНЭТ» ЦЖ-да тіркелген психикалық денсаулық орталығы науқастарының саны;

    Спсих/нарко. жыл соңы – соңғы үш жыл кезеңінде (n1, 2, 3) жыл соңына ПНТ, ННТ «ДНЭТ» ЦЖ-да тіркелген психикалық денсаулық орталығы науқастарының саны;

    m – психикалық денсаулық орталықтарының науқастарына медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны.»;

    42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «42. Туберкулезден зардап шегетін бір науқас үшін кешенді тариф:

    1) ұйымдастырушылық, әдістемелік, профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметті үйлестіруді, мониторингтеуді, талдауды және фтизиопульмонологиялық қызметті дамытуды;

    2) туберкулезбен ауыратын адамдарға профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдеу, оңалту көмегін көрсетуді;

    3) «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-107 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29917 болып болып тіркелген) 4-қосымшаға сәйкес 10 қайта қараудағы Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі бойынша «Туберкулез» диагнозын қоюды;

    4) туберкулездің зертханалық диагностикасын ұйымдастыруды;

    5) ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандарының қатысуымен консультацияларды ұйымдастыруды;

    6) туберкулезбен ауыратын адамдарды көрсетілімдері бойынша ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына жіберуді (күрделі дифференциалды-диагностикалық және клиникалық жағдайлар, түпкілікті диагноз қоюдың мүмкін еместігі, дәріге төзімді туберкулездің қайталанған жағдайлары, емдеу схемаларын түзету емдеудің тиімсіздігі, туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауға елеулі жағымсыз құбылыстар, хирургиялық емдеу);

    7) стационарлық және амбулаториялық жағдайларда медициналық көмектің өзара іс-қимылын және сабақтастығын қамтамасыз етуді;

    8) туберкулезге қарсы препараттарды үздіксіз қамтамасыз етуді (қажеттілікті айқындау, өтінім жасау, сатып алу, сақтау, бөлу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді үйлестіру);

    9) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдауды;

    10) туберкулез кезінде адвокация, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыруды жүргізуді;

    11) туберкулезді бақылауда ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруды көздейді.»;

    7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7-параграф. Жедел медициналық жәрдем көрсеткені үшін және медициналық авиацияға арналған тарифтерді қалыптастыру алгоритмі»;

    50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «50. Жедел медициналық жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясының деңгейінде білікті мамандарды тарта отырып медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру құжаттары бар денсаулық сақтау субъектілеріне ақы төлеу бекітілген халыққа шақыртулардың 4 жеделдік санатындағы жедел медициналық жәрдемді қоспағанда, ТМККК шеңберінде жедел медициналық жәрдемнің станциясы үшін бір бекітілген адамға санитариялық автокөлікпен білікті мамандарды тарта отырып көрсететін жедел медициналық жәрдемнің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативі бойынша жүзеге асырылады.

    51. Айына жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау субъектісін «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативтің есебі, кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

    ЖН_ЖЖ = (ЖНбаз.ЖЖҚР × ЖЖК ЖЖ + ЖНбаз.ЖЖҚР × (Ктығыз.обл.- 1) + ЖНбаз.ЖЖҚР × (Кобл.жылыту – 1) + ЖНбаз.ЖЖҚР × (Кауыл.обл. – 1) + ЖНбаз.ЖЖҚР × (Кэколог. –1)) × Көңір, мұндағы:

    ЖНбаз.ЖЖҚР – Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын түзету коэффициенттерін есепке алмағанда айқындалған айына «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға арналған жедел медициналық жәрдемнің базалық жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

    ЖНбаз.ЖЖҚР = ЖНорта.ЖЖҚР/(ЖЖК ҚР + (Ктығыз.ҚР – 1) + (КжылытуҚР – 1) + (КауылҚР – 1) + (Кэколог.ҚР – 1), мұндағы:

    ЖНорта.ЖЖҚР – алдағы қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы бойынша айына бір тұрғынға жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативтің орташа компоненті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖНорта.ЖЖҚР = Vжж қр / Сқр / m, мұндағы:

    Vжж қр – халыққа жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген халықтың жедел медициналық жәрдем көрсету бойынша барлық денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халық саны;

    m – жедел медициналық жәрдемді қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылы ішіндегі айлар саны.

    ЖЖК ҚР – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша «БХТ» ЦЖ деректері негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының орташа жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формуламен айқындалады:

    ЖЖК ҚР = (ЖЖКобл.1 + ЖЖКобл.2 + .. + ЖЖКобл. i)/ n

    n – өңірлер саны

    ЖЖКобл. – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖЖКобл. = ∑ (Собл. k/n × ЖЖКмсак(n)) / Собл., мұндағы:

    Собл. – «БХТ» ЦЖ тіркелген өңірдің бекітілген халық саны;

    Собл k/n – «БХТ» ЦЖ тіркелген жыныстық-жас тобына жататын халықтың нөмірі n, өңірдің бекітілген халық саны нөмірі k;

    ЖЖКмсак(n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес n нөмірі жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті.

    Жедел медициналық жәрдем субъектісіне бекітілген халық саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына арналған жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

    Ктығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы халқының тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.ҚР = (Ктығыз.обл.1 × Собл.1 + Ктығыз.обл.2 × Собл.2 + … + Ктығыз.обл. і × Собл.і) / n

    n – өңірлер саны

    Ктығыз.обл. – осы облыс бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.обл. = 1 + С × Тығыз.ҚР / Тығыз.обл.халқ., мұндағы:

    С – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халық тығыздығының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халқының санынан ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

    Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.ҚР = Сқр / Sқр, мұндағы:

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

    Тығыз.обл.халқ. – облыс халқының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.обл.халқ. = Собл. / Sобл., мұндағы:

    Собл. – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күндегі жағдайы бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген облыстың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sобл. – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес облыс аумағының ауданы;

    Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының жедел медициналық жәрдем субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1 (бірлікке) тең.

    Халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде тығыздық коэффициенті 2 (екіге) тең.

    КауылҚР – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КауылҚР = (Кауыл.обл. 1 × Собл.1 + Кауыл обл. 2 × Собл. 2 + … + Кауыл обл. i × Собл. і)/ n

    n – өңірлер саны

    Кауыл обл. – облыстар үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кауыл обл.і = 1 + 0,25 × (Сауыл і / Собл.і × ЕҮауыл), мұндағы:

    ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

    Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген, жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Собл. – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

    Қала және ауыл халқына білікті мамандарды тарта отырып, санитариялық автокөлік көрсететін жедел медициналық жәрдем және медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1 (бірлікке) тең.

    КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КжылытуҚР = (Кжылыту аудан 1. × Саудан 1 + Кжылыту аудан 2 × Саудан 2+ … + Кжылыту аудан і × Саудан і) / n

    n – аудандар саны

    Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту × (Каудан – КҚР/орта.) / КҚР/орта., мұндағы:

    Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

    Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлеміндегі жылыту жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

    Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала бойынша жылыту маусымының кезеңі;

    КҚР/орта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КҚР/орта. = (Каудан 1 + Каудан 2 + … + Каудан i)/n

    n – аудандар саны

    Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша үстемеақымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көзделеді.

    Кэколог.ҚР = (Кэколог.1 + Кэколог.2 +…+ Кэколог.i)/n, мұндағы:

    n – Қазақстан Республикасы өңірлерінің саны

    Кэколог. = (Vжж + Vэкол.) / Vжж, мұндағы:

    Vжж – жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

    Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

    Көңір – тарифті түзету және республикалық маңызы бар қалалар мен астанада денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін түзету коэффициенті.»;

    55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «55. Ауыл халқына кешенді жан басына шаққандағы норматив ауыл субъектілері үшін айына «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына есептеуден айқындалады.»;

    58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «58. Ауыл субъектілері үшін айына ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формулада жүзеге асырылады:

    КЖНауыл = КЖНбаз.МСАК × ЖЖКауыл + КЖНбаз.МСАК × (Ктығыз.аудан – 1) + КЖНбаз.МСАК × (К жылыту аудан – 1) + КЖНбаз.МСАК × (Кауыл обл. – 1) + КЖНбаз.МСАК × (Кэколог. – 1) + Vск/сак_ауыл/Сауыл/m, мұндағы:

    КЖНбаз.МСАК – осы Әдістеменің 8-тармағына сәйкес формула бойынша есептелетін түзету коэффициенттері есепке алынбай айқындалған, бір айда «БХТ» ЦЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы МСАК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив;

    ЖЖКауыл – өңір бойынша ауыл халқының медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЖЖКауыл = ∑ (Сауыл k/n × ЖЖКмсак(n)) / Сауыл, мұндағы:

    Сауыл – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген өңірдің ауыл халқының саны;

    Сауыл k/n – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген халықтың k нөмірі, өңірдің бекітілген ауыл халқының саны жыныстық-жас тобына жататын халықтың n нөмірі;

    ЖЖКмсак(n) – МСАК кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеудің кешенді формуласының кестесіне сәйкес жыныстық-жастық тобының жыныстық-жастық түзету коэффициенті нөмірі n;

    МСАК субъектісін бекітілген халық саны және халықтың жыныстық-жас құрамы халықты еркін тіркеу науқанының нәтижелері бойынша немесе алдағы қаржы жылына арналған МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

    Ктығыз.аудан – осы аудан бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.аудан – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Ктығыз.аудан = 1 + С × Тығыз.ҚР / Тығыз.аудан халқ., мұндағы:

    С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық санынан халық тығыздығының ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

    Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол формула бойынша айқындалады:

    Тығыз.ҚР = Сқр / Sқр, мұндағы:

    Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

    Тығыз.аудан халқ. – формула бойынша анықталатын аудандағы, қаладағы халық тығыздығы

    Тығыз.аудан халқ. = Саудан / Sаудан, мұндағы:

    Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдай бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген тиісті ауданның, қаланың МСАК-тың барлық субъектілеріне бекітілген халық саны;

    Sаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы;

    Халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде тығыздық коэффициенті 2 (екіге) тең.

    Каудан жылыту – аудан, қала (оның ішінде облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Каудан жылыту = 1 + Үжылыту × (Каудан – КҚР/орта.) / КҚР/орта., мұндағы:

    Каудан жылыту – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

    Үжылыту – алдағы жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлеміндегі жылыту жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

    Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала бойынша жылыту маусымының кезеңі;

    КҚР/орта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    КҚР/орта. = (Каудан 1 + Каудан 2 + … + Каудан i) / n

    n – аудандар саны

    Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Кауыл.обл. = 1 + 0,25 × (Сауыл / Собл. × Үауыл), мұндағы:

    Үауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге арналған шығындар үлесі;

    Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» ЦЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектілеріне бекітілген халықтың саны;

    Собл. – «БХТ» ЦЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

    Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көзделеді.

    Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.)/ Vмсак, мұндағы:

    Vмсак – МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

    Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

    Vск/сак_ауыл – ауыл субъектісі үшін тіркелген ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    Vск/сак_ауыл = Vск/сак_ауыл/обл / ЕЖск/сак_ауыл/обл. × ЕЖск/сак_ауыл, мұндағы:

    Vск/сак_ауыл/обл. – алдағы қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған облыс бойынша қаражаттың жылдық көлемі;

    ЕЖск/сак_ауыл/обл. – бекітілген ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде алдағы қаржы жылына облыс бойынша емделіп шығу жағдайларының жоспарлы саны, ол барлық ауыл субъектілері бойынша емделіп шығу жағдайларының сомасы ретінде айқындалады (ЕЖск/сак_ауыл):

    ЕЖск/сак_ауыл – бекітілген ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде алдағы қаржы жылына ауыл субъектісі бойынша емделіп шығу жағдайларының жоспарлы саны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

    ЕЖск/сак_ауыл = ЕЖск/ауыл + ЕЖск/ауыл × % қарқск/ауыл + ЕЖсак/ауыл + ЕЖсак/ауыл × % қарқсак/ауыл, мұндағы:

    ЕЖск/ауыл – бекітілген ауыл халқы арасында стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауыл субъектісінің алдағы жылы емделіп шығу жағдайларының саны;

    ЕЖсак/ауыл – бекітілген ауыл халқы арасында стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауыл субъектісінің өткен жылы емделіп шығу жағдайларының саны;

    % қарқск/ауыл, % қарқсак/ауыл – алдағы қаржы жылына жоспарланған, тиісінше стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің өсу немесе төмендеу қарқыны, пайыздық мәнде;

    m – ауыл субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылы ішіндегі айлардың саны.».

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті және әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық жетінші, қырық сегізінші, елу сегізінші, алпыс бірінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс алтыншы, алпыс сегізінші, жетпіс екінші, жетпіс төртінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен екінші, тоқсан бірінші, тоқсан бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз жетпіс бірінші, жүз жетпіс бесінші, жүз тоқсан бесінші, жүз тоқсан алтыншы, жүз тоқсан сегізінші, екі жүз бірінші, екі жүз үшінші, екі жүз тоғызыншы, екі жүз он бірінші, екі жүз он алтыншы, екі жүз он жетінші, екі жүз он тоғызыншы, екі жүз жиырма сегізінші, екі жүз отыз екінші, екі жүз қырық үшінші, екі жүз қырық төртінші, екі жүз жетпісінші, екі жүз жетпіс төртінші, екі жүз тоқсаныншы, екі жүз тоқсан бірінші, үш жүз елу алтыншы, үш жүз елу жетінші, төрт жүз оныншы, төрт жүз он тоғызыншы, төрт жүз жиырмасыншы, төрт жүз отыз тоғызыншы, төрт жүз қырық бірінші, төрт жүз қырық алтыншы, төрт жүз қырық сегізінші, төрт жүз елу үшінші, төрт жүз елу төртінші, төрт жүз елу алтыншы, төрт жүз алпыс бесінші, төрт жүз алпыс тоғызыншы, төрт жүз жетпіс тоғызыншы, төрт жүз сексенінші, бес жүзінші, бес жүз бірінші, бес жүз бесінші, бес жүз сегізінші, бес жүз тоғызыншы, бес жүз он бірінші, бес жүз он сегізінші, бес жүз жиырма екінші, бес жүз отыз алтыншы, бес жүз отыз жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.