Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 мамыр 2026 ж.

    Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары бекітілсін.

    2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2026 жылғы «__» _________

    № __

    бұйрығымен бекітілді

    Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары

    1. Жалпы ережелер

    1. Осы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) атқарушылық геодезиялық түсірілім – нақты координаттар мен биіктіктер жүйелеріне байланыстыра отырып, ғимараттардың, құрылысжайлардың, инженерлік коммуникациялардың жер учаскесінде нақты орналасу схемасы;

    2) аумақтың кадастрлық жоспары – таңдалған аумақ шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектісінің координаттары, ауданы, шекаралары және басқа да сипаттамалары туралы графикалық және мәтіндік түрде көрсетілетін мәліметтер;

    3) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;

    4) кезекші топографиялық жоспар – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылатын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері, инженерлік инфрақұрылым, жоспарланатын құрылыс объектілері, абаттандыру және көше-жол қозғалысы объектілері, көлік желісі туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық картографиялық негіз;

    5) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – МҚҚК АЦЖ) – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәліметтерін жинауды, есепке алуды, тіркеуді, енгізуді (толтыруды), өңдеуді, сақтауды, қол жеткізуді, беруді, деректерді көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық жүйесі.

    3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.

    4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданатын координаталардың үшөлшемді жүйесінде республикалық, облыстық, аудандық, базалық деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының есепке алу бірліктерін жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесіне сәйкес цифрлық нысанда жасалады.

    5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрында қала құрылысы регламенттері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің қолданыстағы және жоспарланатын, жобаланатын  объектілері, аумақтар мен елді мекендердің қала құрылысын жоспарлау және салу туралы картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштері туралы мәліметтер қамтылады.

    2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың тәртібі

    1-параграф. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу тәртібі

    6. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері жөнiндегi ақпаратты және (немесе) мәліметтерді жинаудың, өңдеудің, есепке алудың, тіркеудің, енгізудің (толтырудың), түгендеудің, сақтау мен берудің бірыңғай жүйесі бойынша жүргізіледі

    7. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын есепке алу, тіркеу және өзектендіру үшін бастапқы ақпараттың (мәліметтердің) көздері:

    1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – жергілікті жер объектілерінің өзгерісіне әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі бар аймақтардағы аумақтар туралы ақпарат;

    2) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп объектілері туралы ақпарат;

    3) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру объектілері туралы ақпарат;

    4) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – ғылым және жоғары білім беру объектілері туралы ақпарат;

    5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – денсаулық сақтау объектілері туралы ақпарат;

    6) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрынан алынған деректер (Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындары мен көріністері, анықтамалық ақпарат);

    7) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – құрылыс және көлік инфрақұрылымын пайдалану саласындағы ақпарат;

    8) су қорын қорғау және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган – экологиялық ахуал, су және орман қоры, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпарат;

    9) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар – мәдениет, спорт және тарихи-мәдени мұра объектілері жөніндегі ақпарат;

    10) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган – электр энергетикасы объектілері туралы ақпарат;

    11) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) – Қазақстан Республикасының құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және коммуникациялар, мәдениет, спорт және тарихи-мәдени мұра салаларындағы мәліметтер, сондай-ақ жергілікті жер, жер қойнауы, су ресурстары, геология, орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, электр энергетикасы объектілерінің өзгерісіне әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат;

    12) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы саласындағы ЖАО – құрылыс жобалары бойынша материалдар:

    сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

    техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ);

    сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

    көтергіш және қоршау (сыртқы) конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен жабдықтарының өзгеруіне байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылысжайлардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО шешімі;

    келісілген эскиздік жоба;

    объектілерді пайдалануға қабылдау актісі;

    құрылыс объектісін бұзу актісі;

    сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де мәліметтер;

    13) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы саласындағы ЖАО – қала құрылысы жобалары бойынша материалдар:

    елді мекеннің бас жоспарының топографиялық түсірілімі;

    елді мекендерді дамыту және құрылысын салу схемаларының топографиялық түсірілімі (оңайлатылған бас жоспар);

    егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының топографиялық түсірілімі;

    елді мекендерді дамыту мен құрылысын салудың бекітілген қала құрылысы жобалары, оларды түзету;

    14) мемлекеттік сараптама ұйымы және сараптама ұйымдары (сұрау салу бойынша);

    қала құрылысы жобаларының сараптама қорытындылары;

    құрылыс жобаларының қорытындылары;

    геологиялық іздестіру деректері;

    15) жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор субъектілері:

    резерв; белгіленген қуаты және (немесе) сыйымдылығы; бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың болуы; желілердің өткізу қабілеттері; координаттық байланыстырумен орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып); ұзындығы; брондалған қуаттар және (немесе) сыйымдылықтар саны және оларды брондау мерзімдері; түпкілікті тұтынушыларға қызмет көрсету үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны, олардың теңгерімінде тұрған инженерлік желілердің өткізу қабілеттері туралы ақпарат;

    осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес техникалық сипаттамалары бар реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді және (немесе) өзге де мүлікті орналастыру схемалары.

    16) салалық цифрлық жүйелер – салалық кадастрлардың, тіркелімдердің, деректер банктерінің деректері;

    17) Тапсырыс берушілер:

    жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

    топографиялық түсірілім;

    атқарушылық геодезиялық түсірілім.

    8. Сәулет және қала құрылысы саласындағы ЖАО МҚҚК АЦЖ жүйесінде кезекші топографиялық жоспарды жүргізеді, оны жаңарту және өзгерту тұрақты негізде жүзеге асырылады.

    Кезекші топографиялық жоспарлар объектінің толық қызмет циклін көрсететін құжаттаманы ескере отырып, объектілік нысанда жүргізіледі.

    9. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерінен келіп түсетін ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қалыптастыру және өзектендіру, жүйеге келтіру, жинақтау, енгізу, тіркеу жолымен, оның ішінде цифрлық үкіметтің шлюзі мен Smart Bridge ингерациялық сервистер көрмесінің көмегімен және екіжақты қауіпсіз байланыс арналарын құру жолымен цифрлық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.

    10. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:

    1) республикалық;

    2) облыстық;

    3) аудандық;

    4) базалық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.

    11. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының республикалық деңгейі:

    1) аумақтарды пайдалану мәселелері бойынша цифрлық жүйелер және (немесе) ресурстар деректері (агроөндіріс, өнеркәсіп, су ресурстары, индустриялық-инвестициялық жобалар, минералдық-шикізат ресурстары, көлік инфрақұрылымы, экологиялық ахуал, энергиямен жабдықтау, қала құрылысы жобалары);

    2) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының деректері негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекаралары мен облыстардың шекаралары;

    3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының төмен тұрған аумақтық деңгейлерінің дерекқоры туралы ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды.

    12. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының облыстық деңгейі:

    1) облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;

    2) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының деректері негізінде облыстар мен аудандардың шекаралары, сондай-ақ аудандар мен аудан орталықтары арасындағы көлік және инженерлік инфрақұрылым туралы ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды.

    13. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының аудандық деңгейі:

    1) аудандар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;

    2) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының деректері негізінде аудандар мен ауылдық округтердің шекаралары, сондай-ақ елді мекендер арасындағы көлік және инженерлік инфрақұрылым туралы ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды.

    14. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейі мынадай ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды:

    1) базалық деңгей құрылымы бойынша кеңістіктік және атрибутивтік деректер:

    елді мекендер аумақтарының және олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекаралары;

    ғимараттар мен құрылысжайлар;

    инженерлік инфрақұрылым (электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, телекоммуникация және байланыс);

    гидрография және гидротехникалық құрылыстар;

    жер бедері;

    ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

    көлік инфрақұрылымы;

    абаттандыру объектілері;

    2) қала құрылысы жобалары мен құрылыс жобалары бойынша бастапқы материалдар:

    елді мекеннің бас жоспарының топографиялық түсірілімдері;

    егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының топографиялық түсірілімдері;

    СЖТ;

    ТШ;

    сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

    көтергіш және қоршау (сыртқы) конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен жабдықтарының өзгеруіне байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО шешімі;

    жобалау кезеңіндегі топографиялық түсірілімдер;

    3) келісілген эскиздік жобалар;

    4) қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлаудың бекітілген жобалары, оларды түзету;

    5) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау сатысында атқарушылық геодезиялық түсірілімдер;

    6) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау актісі;

    7) кезекші топографиялық жоспарлар.

    15. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу шеңберінде:

    1) ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, сондай-ақ цифрлық жүйелермен деректер алмасуды жүзеге асыруды;

    2) МҚҚК АЦЖ-ға рұқсат етілген қол жеткізуді қамтамасыз етуді;

    3) МҚҚК АЦЖ дамыту мен жетілдіруді;

    4) МҚҚК АЦЖ жүргізу бойынша мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу мен жетілдіруге қатысуды;

    5) МҚҚК АЦЖ қызмет көрсетуді және сүйемелдеуді;

    6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауды және МҚҚК АЦЖ есепке алу, тіркеу және өзектендіру үшін олардан ақпарат (мәліметтер) алуды;

    7) кадастрлық істерді (мәліметтерді) қалыптастыруды;

    8) мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес ақпаратты рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

    9) деректерді толтыру және инженерлік желілерді және/немесе ғимараттарды (құрылысжайларды) түгендеу жолымен МҚҚК АЦЖ деректерін өзектендіруді;

    10) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру шеңберінде (өз қажеттіліктері үшін) жобалау-іздестіру жұмыстарын (инженерлік-геодезиялық іздестірулер, цифрлық жоспарлы негіз құру) қамтамасыз етеді.

    16. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi:

    1) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын, оның ішінде қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру;

    2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін дамыту және өзгерту;

    3) инвестициялық қызметті бағалау;

    4) бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын беру;

    5) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау;

    6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсетуі;

    7 ) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін орналастыруды мониторингілеу және есепке алу құралы ретінде қала құрылысын жоспарлау;

    8) азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарын есепке қою және есептен шығару кезінде пайдаланылуға жатады.

    17. Базалық субъектілердің мемлекеттік қала құрылысы кадастрына ақпарат және (немесе) мәліметтер беруінің техникалық талаптары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжат» (ҚР ҚН 9.01-01-2022) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 2 қарашадағы № 201-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатта көзделген.

    18. Базалық субъектілердің МҚҚК АЦЖ үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру тәсілдері:

    1) цифрлық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы;

    2) МҚҚК АЦЖ-ға авторландырылған қолжетімділік;

    3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрына деректерді беру.

    19. Ақпарат және (немесе) мәліметтер беруді:

    сұрау салу бойынша осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 14) және 16) тармақшаларында;

    күн сайын тұрақты негізде осы Қағидалардың 7-тармағының 11), 12), 13), 15) және 17-тармақшаларында айқындалған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілері (бастапқы ақпарат (мәліметтер) көздері) жүзеге асырады.

    20. Бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары (топографиялық түсірілімдер) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітілген Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізіледі.

    21. Тапсырыс берушілер мемлекеттік қала құрылысы кадастрына құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілгенге дейін құрылыс объектілерінің топографиялық түсірілімдерін және объектіні қабылдау актісі бекітілгенге дейін инженерлік желілердің және/немесе ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуын көрсететін атқарушылық геодезиялық түсірілімдерді *.dwg форматында ұсынады.

    22. Тапсырыс берушілер мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізген ақпаратты және (немесе) мәліметтерді тіркеуді Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 46) тармақшасына сәйкес бекітілген Қала құрылысы жобаларының, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Тіркеу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 64-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес белгіленген мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    2-параграф. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтерді ұсыну тәртібі

    23. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілген ақпарат және (немесе) мәліметтер өтініш бойынша МҚҚК АЦЖ арқылы:

    1) аумақтың кадастрлық жоспары (үзінді көшірме);

    2) ақпарат және (немесе) мәліметтер;

    3) МҚҚК АЦЖ арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу түрінде ұсынылады.

    24. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарға, міндетті көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарға мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін ұсыну осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

    Кәсіпорын сұрау салуды алған күннен бастап мәліметтерді ұсыну мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

    25. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілген мәліметтерді Кәсіпорын «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың (меншік иелерінің, тапсырыс берушілердің) дәлелді сұраулары бойынша олардың жазбаша өтініші негізінде береді.

    Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын мәліметтері мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі.

    Кәсіпорын сұрау салуды және төлемді алған күннен бастап мәліметтерді ұсыну мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

    26. Әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының материалдарын елді мекендердің бекітілген бас жоспарларында белгіленген функционалдық аймақтарға сәйкестікке салыстыруды Тапсырыс беруші МҚҚК ААЖ арқылы жүзеге асырады.

    27. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және инженерлік-геодезиялық іздестіру материалдарын салыстыру үшін Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 64-бабының 5-тармағына сәйкес өз мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында жобалау-іздестіру жұмыстарын орындайды.

    28. Егер сұратылған мәліметтерді ұсыну «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі немесе тыйым салынған болса немесе сұратылатын мәліметтер мемлекеттік қала құрылысы кадастрында болмаса, Кәсіпорын сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мәліметтерді беруден дәлелді бас тартуды немесе олардың жоқ екені туралы ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама жібереді.

    29. Дәлелді жауаптың нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен шағым береді.

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес, шағымды қарау кезінде өтініш берушіге алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарланады.

    Тыңдау туралы хабарлама өтініш берушіге мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2026 жылғы 26 мамырдағы

    № 257

    Қазақстан Республикасының

    мемлекеттік қала құрылысы

    кадастрын жүргізудің және

    одан ақпарат және (немесе)

    мәліметтер ұсынудың

    қағидаларына

    1-қосымша

    Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларының техникалық сипаттамалары

    1. Электрмен жабдықтау

    1-кесте – Электрмен жабдықтау. Күрделі конструкцияларының электр фермалары

    ӘАОЖ коды
    Сым белгісі, м
    Тіректің биіктігі, м
    Тірек материалы
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Координаттары
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте – Электрмен жабдықтау. Электр жабдықтаудың кабельдік желілері
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Кер­неу, вольт
    Ка­бель­дің тү­рі
    Ка­бель­дің ұзынды­ғы, м
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Қо­сал­қы стан­ция кө­зі­нен
    Құ­ры­лы­сқа
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Жұ­мыс іс­те­уі
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    3-кесте – Электрмен жабдықтау. Электрмен жабдықтау желілерінің құдықтары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Құ­дық лю­гі­нің бел­гі­сі, м
    Құ­дық тү­бі­нің бел­гі­сі, м
    Ка­бель­дің үстің­гі бел­гі­сі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    4-кесте – Электрмен жабдықтау. Электрмен жабдықтаудың әуе желілері
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Же­лі­нің тү­рі
    Кер­неу, вольт
    Сым­дар­дың тү­рі
    Сым­дар­дың са­ны
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Ғи­ма­рат­тың нө­мі­рі
    Кө­ше
    Қу­ат­тан­ды­ра­тын қо­сал­қы стан­ция
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    4-кестенің жалғасы
    Тір­кеу нө­мі­рі
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Жұ­мыс іс­те­уі
    Ко­ор­ди­нат­тар
    12
    13
    14
    15
    5-кесте – Электрмен жабдықтау. Электрмен жабдықтау желілерінің тіректері
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Кер­неу, вольт
    Ті­рек ма­те­ри­а­лы
    Сым­ның бел­гі­сі,
    Жер­дің би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Ті­рек­тің би­ік­ті­гі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    6-кесте – Электрмен жабдықтау. Электр қосалқы станциялары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Қо­сал­қы стан­ци­я­ның тү­рі
    Қо­сал­қы стан­ци­я­ның нө­мі­рі
    Кө­ше
    Ғи­ма­рат­тың нө­мі­рі
    Бел­гі­лен­ген қу­а­ты, кВА
    Бос то­лық транс­фор­ма­тор­лық қу­ат, кВА
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    6-кестенің жалғасы
    Ала­ңы
    Бел­гі­лен­ген қу­ат Т2, (кВА)
    Т1 электр қон­дыр­ғы­сы­ның жүк­те­ме­сі (кВт)
    Т2 электр қон­дыр­ғы­сы­ның жүк­те­ме­сі (кВт)
    Бос қу­ат, Т2 кВт
    Қу­ат­тың қал­ды­ғы, Т2 кВт
    Брон­дал­ған қу­ат
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    6-кестенің жалғасы
    Брон­дау мер­зі­мі
    Ре­зерв­тік қу­ат
    Бос қу­ат
    Қол же­тім­ді қу­ат
    15
    16
    17
    18
    6-кестенің жалғасы
    Же­ке тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Заң­ды тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Қу­ат­тың қал­ды­ғы, (кВт)
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    2. Газбен жабдықтау
    7-кесте – Газбен жабдықтау. Газ реттеу пункттері
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Жұ­мыс қы­сы­мы, МПа – кі­ріс
    Жұ­мыс қы­сы­мы, МПа - шы­ғыс
    Бас газ рет­теу пунк­ті­нің ата­уы
    Рет­те­гіш тү­рі
    Газ та­ра­ту стан­ци­я­сы­на бай­ла­ны­сты­ру
    Азай­ту сызық­та­ры­ның са­ны
    Жо­ба­лық өнім­ді­лі­гі, м3/ч
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    7-кестенің жалғасы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    9
    10
    11
    8-кесте – Сыйымдылықтар (газгольдер, резервуар)
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Сый­ым­ды­лық кө­ле­мі, л
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    9-кесте – Газ тарату құбырлары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Газ құ­бы­ры­ның диа­мет­рі, мм
    Газ құ­бы­ры­ның ма­те­ри­а­лы
    Қы­сым, Мпа
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Тө­сеу әді­сі
    Оқ­ша­у­лау ма­те­ри­а­лы
    Газ құ­бы­ры­ның ұзынды­ғы, м
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    (газ құ­бы­ры учас­ке­сі­нің ба­ста­лу және аяқ­та­лу нүк­те­ле­рі­нің)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    3. Су бұру жүйесі
    10-кесте – Су бұру жүйесінің құдықтары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Құ­дық тү­рі
    Құ­дық­тың ер­не­уі
    Мақ­са­ты
    Диа­мет­рі, мм
    Құ­дық лю­гі­нің бел­гі­сі, м
    Құ­дық тү­бі­нің бел­гі­сі, м
    Су ба­су
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    11-кесте – Кәріз желілерінің камералары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Тү­бі­нің бел­гі­сі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    12-кесте – Септиктер
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Құ­дық тү­рі
    Құ­дық­тың ер­не­уі
    Құ­дық лю­гі­нің бел­гі­сі, м
    Құ­дық тү­бі­нің бел­гі­сі, м
    Су ба­су
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    13-кесте – Сорғы станциялары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ғи­ма­рат тү­рі
    Жо­ба­лық өнім­ді­лік, м3/сағ., м3/тәул.
    Бел­гі­лен­ген қу­ат, м3/сағ., м3/тәул.
    Қу­ат қал­ды­ғы, м3/сағ., м3/тәул.
    Жет­кі­зу құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Бұ­ру құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Ор­на­ты­л­ған сор­ғы­лар са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    13-кестенің жалғасы
    Жо­ба­лық өнім­ді­лік­тің өл­шем бір­лі­гі
    Қу­ат қал­ды­ғы­ның өл­шем бір­лі­гі
    Ғи­ма­рат би­ік­ті­гі
    Ғи­ма­рат ені
    Ғи­ма­рат ұзынды­ғы
    1 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    2 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    2 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    13-кестенің жалғасы
    3 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    4 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    5 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    6 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    7 жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    1 ре­зерв­тік сор­ғы­ның мар­ка­сы
    2 ре­зерв­тік сор­ғы­ның мар­ка­сы
    3 ре­зерв­тік сор­ғы­ның мар­ка­сы
    4 ре­зерв­тік сор­ғы­ның мар­ка­сы
    5 ре­зерв­тік сор­ғы­ның мар­ка­сы
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    13-кестенің жалғасы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Заң­ды тұ­лға­лар­дың або­нент­тер са­ны
    Же­ке тұ­лға­лар­дың або­нент­тер са­ны
    Брон­дал­ған қу­ат
    Брон­дау мер­зі­мі
    Ре­зерв­тік қу­ат
    Бос қу­ат
    Қол же­тім­ді қу­ат
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    27
    28
    29
    30
    31
    32
    33
    34
    35
    36
    14-кесте – Кәріз желілерінің құбыры
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Диа­мет­рі, мм
    Объ­ек­ті­нің ор­на­ла­су те­рең­ді­гі, м
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Ма­те­ри­ал
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    14-кестенің жалғасы
    Қоз­ғал­ма­лы ор­та­сы
    Жұ­мыс іс­те­уі
    Би­ік­тік бел­гі­сі 1
    Би­ік­тік бел­гі­сі 2
    Өт­кі­зу қа­бі­ле­ті
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15-кесте – Кәріз камерасының люгі
    ӘАОЖ коды
    Люктің биіктігі, м
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттары
    1
    2
    3
    4
    5
    4. Көшені жарықтандыру
    16-кесте – Сыртқы жарықтандыру шамдары
    ӘАОЖ коды
    Тіректердің биіктігі, м
    Қосылу нүктесі
    Сымның маркасы
    Кабель маркасы
    Тіркеу нөмірі
    Қуат, Вт
    Орнатылған жылы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    16-кестенің жалғасы
    Ті­рек ма­те­ри­а­лы
    Ор­на­ту әді­сі
    Қа­лақ­ша са­ны
    Жа­рық­тан­ды­ру тү­рі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17-кесте – Көшені жарықтандырудың қуаттандыру кабельдері (жерасты)
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Же­лі қу­а­ты, Вт
    Ор­на­ты­л­ған жы­лы
    Ті­рек­тер­дің би­ік­ті­гі, м
    Ен­гі­зу нүк­те­сі
    Ка­бель мар­ка­сы
    Тө­сеу әді­сі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    18-кесте – Көшені жарықтандырудың қуаттандыру желілері (әуе)
    ӘАОЖ коды
    Орнатылған жылы
    Тіректердің биіктігі, м
    Енгізу нүктесі
    Сымның маркасы
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    19-кесте – Сыртқы жарықтандырудың қуаттандыру желілерінің тіректері
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ті­рек тү­рі
    Ре­кон­струк­ци­я­лау кү­ні
    Сым бел­гі­сі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    5. Су бұру
    20-кесте – Нөсерлі кәріз желілерінің құдықтары мен торлары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ша­ғын аудан
    Ма­те­ри­ал
    Мақ­са­ты
    Дөң­ге­лек диа­мет­рі тү­рі
    Ара­жа­бын диа­мет­рі­нің тү­рі
    Тү­бі­нің диа­мет­рі­нің тү­рі
    Люк­тің тү­рі
    Люк­тің мар­ка­сы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    20-кестенің жалғасы
    Диа­метр, мм,
    На­у­а­ның бел­гі­сі, те­ңіз дең­гей­і­нен м
    Құ­быр бел­гі­сі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    21-кесте – Нөсерлі кәріз науалары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Объ­ек­ті­нің ма­те­ри­а­лы
    Объ­ек­ті­нің те­рең­ді­гі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    22-кесте – Нөсер кәрізінің тұндырғыштары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ша­ғын аудан
    Құ­быр­ды тө­гу бел­гі­сі, м
    На­у­а­ны тө­гу бел­гі­сі, м
    Қа­был­дау бел­гі­сі, м
    Тү­бі­нің бел­гі­сі, м
    Жо­ғар­ғы бе­ті­нің бел­гі­сі, м
    Еңіс ма­те­ри­ал­да­ры
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    23-кесте – Нөсер кәрізінің сорғы станциялары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ғи­ма­рат тү­рі
    Жет­кі­зу құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Бұ­ру құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Жо­ба­лық өнім­ді­лік, м3/сағ, м3/тәул
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    24-кесте – Нөсер кәрізінің құбыржолы
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ре­кон­струк­ци­я­лау кү­ні
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Учас­ке­де­гі диа­мет­рі, мм
    Кел­те­құ­быр гиль­за­сы­ның бо­луы
    Бай­ла­ныс тү­рі
    Диа­метр­дің ауы­суы
    Түй­ін тү­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    24-кестенің жалғасы
    Кі­ріс диа­мет­рі, мм
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Учас­ке
    Мақ­сат тү­рі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    25-кесте – Дренажды кәріз құдықтары
    ӘАОЖ коды
    Құдық түбін белгілеу, м
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттары
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    6. Байланыс және телекоммуникация объектілері
    26-кесте – Телефон құдығы
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Тү­рі
    Құ­быр­дың жо­ғар­ғы бел­гі­сі, м
    Құ­дық­тың тү­бін бел­гі­леу, м
    Су ба­су
    Ғи­ма­рат нө­мі­рі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    27-кесте – Телефон кәрізі
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Тү­рі
    Са­ны
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7. Жылумен жабдықтау.
    28-кесте – Жылумен жабдықтау көзі
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Көз ата­уы
    Көз тү­рі
    Ор­на­ты­л­ған жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ
    Бар жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ
    Жы­лу ірік­теу қу­а­ты, Гкал/сағ
    Шың қа­зан­дық­та­ры­ның ор­на­ты­л­ған жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ
    Шың қа­зан­дық­та­ры­ның бар жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    28-кестенің жалғасы
    1 же­лі­лік жы­лыт­қы­штар­дың жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ.
    2 же­лі­лік жы­лыт­қы­штар­дың жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ.
    1 су жы­лы­ту қа­зан­дық­та­ры­ның жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ.
    2 су жы­лы­ту қа­зан­дық­та­ры­ның жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ.
    Же­ке тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Заң­ды тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    28-кестенің жалғасы
    Өт­кі­зу қа­бі­ле­ті
    Брон­дал­ған қу­ат
    Брон­дау мер­зі­мі
    Ре­зерв­тік қу­ат
    Бос қу­ат
    Қол же­тім­ді қу­ат
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    29-кесте – Жылумен жабдықтау желілерін босату және көтеру камералары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Объ­ек­ті­нің ор­на­ла­су те­рең­ді­гі, м
    Құ­быр диа­мет­рі, мм
    Ма­те­ри­ал
    Ара­жа­бын ма­те­ри­а­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    30-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің арналары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Диа­метр
    Дре­на­ж­дық же­лі­лер
    Тө­сеу әді­сі
    Ар­на тү­рі
    Ма­те­ри­ал
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    30-кестенің жалғасы
    Объ­ек­ті­нің ұзынды­ғы, м
    Объ­ек­ті­нің ені, м
    Объ­ек­ті­нің би­ік­ті­гі, м
    Су өт­кіз­бей­тін ара­жа­бын­ды­ның бо­луы
    8
    9
    10
    11
    31-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің құдықтары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Объ­ек­ті­нің ор­на­ла­су те­рең­ді­гі, м
    Диа­мет­рі
    Құ­дық лю­гі­нің бел­гі­сі, м
    Құ­дық тү­бі­нің бел­гі­сі, м
    Ма­те­ри­ал
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    32-кесте – Жылумен жабдықтау желілері павильонының люгі
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    33-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің сорғы станциялары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Қу­ат қал­ды­ғы, м3/сағ, т/тәул.
    Өнім­ді­лік м3/сағ, т/тәул.
    Мак­си­мал­ды өнім­ді­лік, т/сағ
    Қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    Бе­ру­де­гі сор­ғы­лар­дың са­ны
    Өң­де­уде­гі сор­ғы­лар­дың са­ны
    Сор­ғы тү­рі
    Жұ­мыс то­ғы
    Транс­фор
    ма­тор­лық
    кі­ші стан­ци­ядан қо­сы­лу
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    33-кестенің жалғасы
    Қал­ған қу­ат­ты өл­шеу бір­лі­гі
    2 қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    3 қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    4 қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    5 қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    6 қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    7 қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    8 қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    Брон­дал­ған қу­ат
    Брон­дау мер­зі­мі
    Ре­зерв­тік қу­ат
    Бос қу­ат
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    34-кесте – Жылу камералары, павильондар
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ысыр­ма­лар са­ны
    Ысыр­ма диа­мет­рі, мм
    Люк­тің жо­ғар­ғы жа­ғы­нан тө­мен­гі жа­ғы­на дей­ін­гі те­рең­дік, м
    Люк­тер­дің нақ­ты са­ны
    Қол­да­ны­с­та­ғы люк­тер са­ны
    Дре­на­ж­дық құ­дық­тар са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    34-кестенің жалғасы
    Өл­шеу нүк­те­ле­рі­нің са­ны
    Өл­шеу нүк­те­ле­рі­нің си­патта­ма­сы
    Құ­ры­лым тү­рі
    Ка­ме­ра тү­бі
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    34-кестенің жалғасы
    Ком­пен­са­тор­лар­дың са­ны
    Ком­пен­са­тор­лар­дың диа­мет­рі
    Дре­наж кран­да­ры­ның са­ны
    Дре­наж кран­да­ры­ның ар­ма­ту­ра­сы
    Ауа шы­ға­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның са­ны
    Ауа шы­ға­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның ар­ма­ту­ра­сы
    Ара­жа­бын­ды­ла­ры­ның өл­ше­мі
    Ара­жа­бын­ды­ла­ры­ның са­ны
    Ка­ме­ра­ның іш­кі би­ік­ті­гі/ені/ұзынды­ғы
    Люк үсті­нен тү­біне дей­ін­гі те­рең­дік
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    34-кестенің жалғасы
    Жа­бы­ла­тын люк са­ны
    Дре­наж ар­ма­ту­ра­сы­ның са­ны
    Дре­наж ар­ма­ту­ра­сы­ның си­патта­ма­сы
    Дре­наж же­лі­ле­рі са­ны
    Дре­наж же­лі­ле­рі­нің си­патта­ма­сы
    Дре­наж құ­дық­та­ры­ның си­патта­ма­сы
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    35-кесте – Жылумен жабдықтау құбырлары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Жы­лу­мен жаб­дық­тау кө­зі
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Трас­са учас­ке­сі­нің ата­уы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның нө­мі­рі
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның мақ­са­ты
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның диа­мет­рі, мм
    Жет­кі­зу құ­бы­рын тө­сеу әді­сі
    Жет­кі­зу құ­бы­рын оқ­ша­у­лау ма­те­ри­а­лы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның жо­ғар­ғы оқ­ша­у­лау қа­ба­ты­ның ма­те­ри­а­лы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    35-кестенің жалғасы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның оқ­ша­у­ла­у­ын мон­таж­дау жы­лы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы, Co
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның қы­сы­мы, Мпа
    Ке­рі құ­быр нө­мі­рі
    Ке­рі құ­быр­дың мақ­са­ты
    Ке­рі құ­быр­дың диа­мет­рі, мм
    Ке­рі құ­бы­рын тө­сеу әді­сі
    Құ­быр­ды оқ­ша­у­лау ма­те­ри­а­лы
    Ке­рі құ­бы­ры­ның жо­ғар­ғы оқ­ша­у­лау қа­ба­ты­ның ма­те­ри­а­лы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның оқ­ша­у­ла­у­ын мон­таж­дау жы­лы
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    11
    35-кестенің жалғасы
    Ке­рі құ­бы­ры­ның оқ­ша­у­ла­у­ын мон­таж­дау жы­лы
    Ке­рі құ­бы­ры­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы, Co
    Ке­рі құ­быр қы­сы­мы, Мпа
    Құ­быр тү­рі
    Жы­лу ма­ги­стра­лі­нің нө­мі­рі
    Гео­мет­ри­я­лық ұзын­дық, м
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Күр­де­лі жөн­деу кү­ні
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    35-кестенің жалғасы
    Құ­быр ұзынды­ғы
    Ма­стер
    Түр­ген­деу но­ме­рі
    Би­ік­тік бел­гі­сі 2, м
    Өт­кі­зу қа­бі­ле­ті
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    8. Сумен жабдықтау
    36-кесте – Сумен жабдықтау желісінің қаптамасы
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Құ­быр диа­мет­рі, мм
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    37-кесте – Тазарту құрылыстары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Өнім­ді­лік, м3/сағ
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    38-кесте – Сумен жабдықтау құдықтары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Құ­дық тү­рі
    Құ­дық­тың тү­бін бел­гі­леу, м
    Өрт гид­ран­ты­ның бо­луы
    Ысыр­ма­лар са­ны
    Ысыр­ма­ны ор­на­ту жы­лы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Ысыр­ма диа­мет­рі
    Су ба­су
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    39-кесте – Су тарату бағандары (бағандар саны)
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    40-кесте – Сумен жабдықтау камералары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Құ­дық тү­рі
    Те­рең­ді­гі, м
    Ара­жа­бын тақ­та­сы үсті­нің би­ік­ті­гі, м
    Өрт гид­ран­ты­ның бо­луы
    Ысыр­ма­лар са­ны
    Ысыр­ма­ны ор­на­ту
    Ысыр­ма диа­мет­рі, мм
    Су ба­су
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    41-кесте – Резервуарлар
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ре­зер­ву­ар­лар са­ны
    Кө­ле­мі, м3/сағ
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    42-кесте – Сумен жабдықтаудың сорғы станциялары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Жет­кі­зу құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Бұ­ру құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Жет­кі­зу құ­бы­ры
    Бұ­ру құ­бы­ры
    Кө­те­ру нө­мі­рі
    Жо­ба­лық өнім­ді­лік, м3/сағ, м3/тәул
    Жағ­дайы
    Ор­на­ты­л­ған сор­ғы­лар са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    42-кестенің жалғасы
    Сор­ғы тү­рі
    Жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    Ре­зерв­тік сор­ғы мар­ка­сы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Же­ке тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Заң­ды тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    42-кестенің жалғасы
    Брон­дал­ған қу­ат
    Брон­дау мер­зі­мі
    Ре­зерв­тік қу­ат
    Бос қу­ат
    Қол же­тім­ді қу­ат
    19
    20
    21
    22
    23
    43-кесте – Сумен жабдықтау құбырлары
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Тө­сеу әді­сі
    Құ­быр тү­рі
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Құ­быр диа­мет­рі, мм
    Құ­быр­дың ұзынды­ғы, м
    Объ­ек­ті­нің ор­на­ла­су те­рең­ді­гі, м
    Күр­де­лі жөн­деу жы­лы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    43-кестенің жалғасы
    Өт­кі­зу қа­бі­ле­ті
    Қоз­ғал­ма­лы ор­та­сы
    Жұ­мыс іс­те­уі
    Жұ­мыс іс­теу тү­рі
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    13
    14
    15
    16
    17
    44-кесте – Су мұнаралары (су мұнараларының саны)
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Кө­ле­мі, м3/сағ
    Би­ік­ті­гі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    45-кесте – Сумен жабдықтау желілерінің люгі (резервуарлар мен павильондар)
    ӘА­ОЖ ко­ды
    Ме­кен­жайы
    Тал­дау кү­ні
    Люк би­ік­ті­гі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    Вт Ватт;
    Гкал/сағ. – сағатына Гига калория (сағатына 109 калория);
    кВА – кило Вольт (103 Вольт);
    л – литр;
    м3/сағ. – сағатына текше метр (сағатына 103);
    м3/тәу.- тәулігіне текше метр (тәулігіне 103 метр);
    М - метр; МПа - Мега Паскаль (106 Паскаль);
    мм – миллиметр (10-3 метр);
    С0 – Цельсий; т/сағ. - тонна сағатына.

    Бұйрыққа қосымша

    Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген);

    2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы №135 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16499 болып тіркелген);

    3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы №381 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32588 болып тіркелген);

    4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №598 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33358 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.