Аршалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 13/5 «Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 «Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі;
Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 16/6 «Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 «Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты төрағасының м.а.
Г. Ахимова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.