Қарақия ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қарақия ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарақия ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    С. Төкенов

    Қарақия ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «___»________

    №_______қаулысына № 1 қосымша

    Қарақия ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    Та­за кі­ріс 3 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    Та­за кі­ріс со­ма­сы­нан 5 пай­ыз
    Та­за кі­ріс 3 000 001 тең­ге­ден 50 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    3 000 000 тең­ге мөл­шер­де­гі та­за кі­рі­стен ас­қан со­ма­дан 150 000 тең­ге + 10 пай­ыз
    Та­за кі­ріс 50 000 001 тең­ге­ден 250 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    50 000 000 тең­ге мөл­шер­де­гі та­за кі­рі­стен ас­қан со­ма­дан 4 850 000 тең­ге + 15 пай­ыз
    Та­за кі­ріс 250 000 001 тең­ге­ден 500 000 000 тең­ге­ге дей­ін
    250 000 000 тең­ге мөл­шер­де­гі та­за кі­рі­стен ас­қан со­ма­дан 34 850 000 тең­ге + 25 пай­ыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.