Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Бесқарағай ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 116 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабы 8 - тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8 – бабы 3 – тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Бесқарағай ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 116 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 3911 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Токсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.