«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Аудан әкімі

    А. Бектасов

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    2026 жылдың 14 мамырындағы

    № 120 қаулысына

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

    1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

    2) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

    3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маманы – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маманы - қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

    2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

    1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

    2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын әдістемелік кабинетінің, кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

    3) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

    4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;

    5) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдіскері (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

    6) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі мамандары – аранжировщик, дыбыс операторы;

    7) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі;

    8) бухгалтер, мемлекеттік сатып алу боцынша инспекторы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.