«Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34563 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпарат көзі ретінде конгломераттардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік цифрлық жүйелердің және өзге де ашық көздердің мәліметтері пайдаланылады;».
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Омаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.