«Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 мамыр 2026 ж.

    «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20666 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    тақырып келесі редакцияда жазылсын:

    «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы»;

    кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

    «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

    реттік нөмірі 1 және 2-жолдары келесі редакцияда жазылсын:

    «

    1.
    Құ­ра­мын­да ор­та тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лі­мі (ре­став­ра­ция), ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­лі бар ке­мін­де бір ре­став­ра­тор ма­ман неме­се ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­лі және осы са­ла­да ғы­лы­ми дә­ре­же­сі неме­се ма­гистр, бей­і­ні бой­ын­ша док­тор, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD) дә­ре­же­ле­рі бар, ти­іс­ті ма­ман­дық (ар­хи­тек­ту­ра) бой­ын­ша ғы­лы­ми қыз­мет­кер бо­луы. Та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де­гі ғы­лы­ми-ре­став­ра­ци­я­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­сы бар ұй­ым­да жұ­мыс іс­тей­тін ғы­лы­ми қыз­мет­кер­ді неме­се ре­став­ра­тор ма­ман­ды қыз­мет­тің көр­се­ті­л­ген тү­ріне ли­цен­зия алу­ға өті­ніш бе­ру про­це­сін­де бас­қа ұй­ым мә­лім­дей ал­май­ды
    Осы Та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де­гі ғы­лы­ми-ре­став­ра­ци­я­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мен шар­тта­ры­ның 1- қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мен шар­тта­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бұ­дан әрі –Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры) және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
    2.
    Та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де­гі ғы­лы­ми-ре­став­ра­ци­я­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­дың бо­луы:
    1) ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­дың ең аз жиын­тығ­ын қам­ти­тын мен­шік (ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу неме­се же­дел бас­қа­ру) және (неме­се) жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ең аз ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ры­луы;
    2) ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің өті­ніш бе­рі­л­ген тү­рі үшін қа­жет­ті, гра­фи­ка­лық және өзге де ма­те­ри­ал­дар­ды жа­сау мен ре­сім­де­у­ге қа­жет­ті ор­на­ты­л­ған бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы бар ком­пью­тер­лік тех­ни­ка
    Осы Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­ның 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры мен шар­тта­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мәлi­мет­тер және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
    »;
    Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
    реттік нөмірі 1 және 2-жолдары келесі редакцияда жазылсын:
    «
    1.
    Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді қызметтің көрсетілген түріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды
    Осы Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарының 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
    2.
    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы:
    1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
    2) өтініш берілген қызметтің түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника
    Осы Біліктілік талаптарының 2-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
    »;
    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшасы осы бұйрықтың 4-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2026 жылғы 18 мамырдағы

    № 233-НҚ Бұйрыққа

    1-қосымша

    Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми- реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне

    1-қосымша

    нысан

    Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

    Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігіні растайтын реставратор маман немесе ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.

    1. Реставратор маман немесе ғылыми қызметкер туралы деректер:

    1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________________________________

    2) ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі ____________________

    3) білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты _______________

    4) дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________

    5) жұмыс орны _________________________________________________

    6) атқаратын лауазымы __________________________________________

    7) жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi ____________________________________________

    8) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудегі

    еңбек өтілі_____________________________________

    2. Ғылыми-реставарациялау жұмыстары саласындағы жетекшілік еткен жобалар туралы ақпарат:

    1) жобаның атауы _____________________________________________

    2) қызметтер мен жұмыстарды көрсетуге арналған шарт _____________

    Же­тек­ші __________________________
    (заң­ды тұл­ға­ның неме­се же­ке кә­сіп­кер­дің ата­уы, те­гі,
    ата­уы, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)

    _________________ (қо­лы)

    Тол­ты­ры­л­ған кү­ні: «_» ____ 20_ жыл
    Мөр үшін орын
    (болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Мәдениет және ақпарат

    министрі

    2026 жылғы 18 мамырдағы

    № 233-НҚ Бұйрыққа

    2-қосымша

    Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми- реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне

    2-қосымша

    нысан

    Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

    Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:

    1) мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі ______________

    2) саны ________________________________________________________

    3) сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ________________

    4) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының

    нөмірі және жасалған күні _____________________________________________

    5) шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы ___________

    Жетекші __________________________
    (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы,
    тегі, атауы, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    _________________ (қолы)

    Толтырылған күні: «_» ____ 20_ жыл
    Мөр үшін орын
    (болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Мәдениет және ақпарат

    министрі

    2026 жылғы 18 мамырдағы

    № 233-НҚ Бұйрыққа

    3-қосымша

    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне

    1-қосымша

    нысан

    Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестікті растайтын ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.

    1. Ғылыми қызметкер туралы деректер:

    1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)______________________

    2) ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі ____________________

    3) білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты _______________

    4) дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________

    5) археология жұмыстары саласындағы еңбек өтілі __________________

    6) жұмыс орны _________________________________________________

    7) атқаратын лауазымы __________________________________________

    8) жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi

    және күнi ______________________________________________________

    9) еңбек өтілі __________________________________________

    2. Археология жұмыстары саласындағы жетекшілік еткен жобалар туралы ақпарат:

    1) жобаның атауы ______________________________________________

    2) қызметтер мен жұмыстарды көрсетуге арналған шарт _____________

    Же­тек­ші __________________________
    (заң­ды тұл­ға­ның неме­се же­ке кә­сіп­кер­дің ата­уы,
    те­гі, ата­уы, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)

    _________________ (қо­лы)

    Тол­ты­ры­л­ған кү­ні: «_» ____ 20_ жыл
    Мөр үшін орын
    (болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Мәдениет және ақпарат

    министрі

    2026 жылғы 18 мамырдағы

    № 233-НҚ Бұйрыққа

    4-қосымша

    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне

    2-қосымша

    нысан

    Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

    Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:

    1) мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі ________________

    2) саны __________________________________________________________

    3) сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) __________________

    4) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі және

    жасалған күні ________________________________________

    5) шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы _____________

    Жетекші __________________________
    (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы,
    тегі, атауы, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    _________________ (қолы)

    Толтырылған күні: «_» ____ 20_ жыл
    Мөр үшін орын
    (болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.