«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2026 ж.

    «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу болып табылады.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.