Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 36/01 «Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1926 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 112 (21276) «Индустриальная Караганда» және 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 156-157 (21363) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/05 «Мақта саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2727 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 157-158 (21678-21679) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 171-172 (21806) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі
Н. Әбдібеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.