Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Заңының 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес жергілікті координаттық есептеу жүйелері белгіленсін.

    2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және картография департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы

    Р. Коняшкин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қорғаныс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Астана қаласының әкімдігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Алматы қаласының әкімдігі

    Бұйрыққа қосымша

    Жергілікті координаттық есептеу жүйелері

    QazTRF23 мемлекеттік есептеу жүйесі (2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізі, Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023) негізінде құрылған жергілікті координаталық есептеу жүйелері:

    Ел­ді ме­кен ата­уы
    Об­лы­сы/ рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла
    Про­ек­ция па­ра­метр­ле­рі
    Эл­лип­со­ид
    Ква­зи­гео­ид па­ра­метр­ле­рі­нің қол­да­ны­лу ай­ма­ғы­ның ше­ка­ра ко­ор­ди­нат­та­ры
    False Easting (бой­лық бой­ын­ша ығы­су, м)
    False Northing (ен­дік бой­ын­ша ығы­су, м)
    Latitude of Origin (ко­ор­ди­нат­тар ба­сы­ның ен­ді­гі, гра­дус/ми­нут/се­кунд)
    Central Meridian (ор­та­лық ме­ри­ди­ан, гра­дус/ми­нут/се­кунд)
    Scale Factor (мас­штаб ко­эф­фи­ци­ен­ті)
    Zone Width (Ай­мақ­тың ені)
    1
    Аста­на
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла
    250000.0
    0.0
    0° 0' 0.00000" N
    71° 0' 0.00000" E
    1
    3
    GRS-80
    55° 40' 00'' N –
    46° 30' 00'' E
    40° 20' 00'' N –
    87° 30' 00'' E
    2
    Ал­ма­ты
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла
    250000.0
    0.0
    0° 0' 0.00000" N
    77° 0' 0.00000" E
    1
    3
    GRS-80
    55° 40' 00'' N –
    46° 30' 00'' E
    40° 20' 00'' N –
    87° 30' 00'' E
    Ескертпе:
    QazTRF-23 мемлекеттік координаталық есептеу жүйесі негізіндегі жергілікті координаталық жүйе GRS-80 эллипсоидында (1980 жылғы геодезиялық есептеу жүйесі, Geodetic Reference System 1980) Гаусс-Крюгердің көлденең проекциясын пайдалана отырып, 3 градустық аймақта іске асырылған және Қазақстан Республикасы аумағында картографиялық түрлендірулердің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
    Проекция параметрлеріне бойлық пен ендік бойынша ығысу мәндері (False Easting / False Northing), бастапқы ендік (Latitude of Origin), орталық меридиан (Central Meridian), масштаб коэффициенті (Scale Factor) және аймақ ені (Zone Width) кіреді, олар әрбір елді мекен үшін жеке-жеке айқындалған.
    Квазигеоид параметрлерінің қолданылу аймағының шекара координаттары проекциялау және трансформациялау параметрлерінің аумақтық қамтылуын айқындайды әрі QazTRF-23 мемлекеттік координаталық есептеу жүйесіне дәл байлауды қамтамасыз етеді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.