Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 28)-тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

    2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған кейбір бұйрықтардың тізбесінің күші жойылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2026 жылғы 20 мамырдағы

    № 250

    Бұйрығымен бекітілген

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 28)-тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын және «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

    3. Осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:

    1) аккредиттелген ұйым - уәкілетті органда белгіленген тәртіппен аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;

    2) аккредиттеу - бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілеттіктерін уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

    3) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай тізімі;

    4) аккредиттеу туралы куәлік - уәкілетті орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру құзыреттілігін куәландыратын құжат;

    5) өтініш беруші - бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер заңды тұлға;

    6) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ведомствосы.

    4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет көрсетушіге «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы «e-Qurylys.kz» (www.equrylys.kz) цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, мәліметтер нысаны толтырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды:

    1) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес өтініш және 2-қосымшаға сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны;

    2) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес өтініш және 4-қосымшаға сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны;

    3) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес өтініш.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 6-қосымшада көрсетілген.

    5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағымен анықталған.

    Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы цифрлық жүйелерден алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

    Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

    6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:

    1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарының 4-тармағында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;

    2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылады - 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде.

    7. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді.

    8. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.

    9. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

    2-тарау. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібі мен рұқсат беру талаптары

    1-параграф. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібі мен рұқсат беру талаптары

    10. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:

    1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін:

    өз құрамында тұрақты негізде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде, оның ішінде мамандандырулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болу:

    жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша-тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

    жауапкершілігі бірінші деңгейдегі жауапкершілік объектілері бойынша-инженерлік желілер бөлігінде (бір сарапшыдан кем емес));

    жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша-технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

    меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген сынақ зертханасының (орталықтың) болуы;

    материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары болуы;

    жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік құжаттамасының болуы;

    2) екінші деңгейдегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін:

    өз құрамында тұрақты негізде жауапкершіліктің екінші және үшінші деңгейлеріндегі объектілерде, оның ішінде мамандандырулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болуы:

    жауапкершілігі екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша-тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

    жауапкершілігі екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша-инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

    жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша-технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

    меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген сынақ зертханасының (орталықтың) болуы;

    материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары болуы;

    жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік құжаттамасының болуы.

    11. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға сәйкес электронды түрде беріледі.

    12. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі, штатта мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.

    13. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аккредиттелген күнінен бастап Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес екі жылды құрайды.

    2-параграф. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібі мен рұқсат беру талаптары

    14. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:

    өз құрамында тұрақты негізде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болу;

    өз құрамында тұрақты негізде «конструктивтік бөлігі» мамандығы бойынша жобалардың сараптамасын жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;

    өз құрамында тұрақты негізде кемінде бір инженер-геодезист (кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар);

    аккредиттелген зертхананың (орталық) болуы (тартылған);

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) талаптарын қанағаттандыратын меншік немесе бір жылдан астам мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеумен) жалға алу құқығындағы әкімшілік-өндірістік базасының болуы;

    салыстырып тексеру есеп-қисаптарын орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшеу және бақылау құралдары, нормативтік құжаттамасының болуы.

    15. Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 9-қосымшаға сәйкес электронды түрде беріледі.

    16. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі, штатта мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.

    17. Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аккредиттелген күнінен бастап Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес екі жылды құрайды

    3-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    18. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    1-қосымша

    Нысан

    Өтініш

    _______________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы)

    _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    ____________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі (тиісті жауапкершілік деңгейі) техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.

    Мекенжайы_____________________________________________________

    (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail) Филиалдар (өкілеттіктер, объектілер, пунктер, учаскелер)

    ____________________________________________________________________ (орналасқан орны және деректемелері)

    Банк шоты ______________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

    Осымен:

    барлық көрсетілген деректердің ресми байланыс болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

    өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

    барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

    өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

    Басшы _________________________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Толтырылған күні: 20__ жылғы «__»___________

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    2-қосымша

    Нысан

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

    1) Қызметкерлері туралы мәліметтер:

    Р/с №
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Са­рап­шы ат­те­ста­ты­ның №, бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
    Ат­те­стат бой­ын­ша ма­ман­да­нуы
    Ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы
    Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша мә­лі­мет
    Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дың бо­луы
    Объ­ек­ті­нің ата­уы (са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес)
    Объ­ек­ті­нің ата­уы (са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес)
    Объ­ек­ті­нің ата­уы (са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес)
    Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді
    2) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтер
    Р/с №
    Өл­шеу және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның мар­ка­сы мен ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Са­ны
    Пай­да­ла­ну мер­зі­мі
    Тек­се­ру мер­зім­де­рі
    Ес­керт­пе
    3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер:
    Р/с №
    Ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Са­ны
    Ес­керт­пе
    4) Меншік құқығындағы немесе тартылған аккредиттелген сынақ зертхананың (орталықтың) болуы туралы мәліметтер:
    Р/с №
    Зерт­ха­на­ның ата­уы
    Зерт­ха­на­ны ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің № және бе­рі­л­ген кү­ні
    Ак­кре­дит­теу са­ла­сын си­паттау
    Мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат неме­се өзге заң­ды негіз­де­ме
    Зерт­ха­на ор­на­лас­қан жер
    Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
    Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.
    Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінесәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

    Басшы _______________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    3-қосымша

    Нысан

    Өтініш

    _______________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы)

    _______________________________________________________________

    (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі деректемелері)

    бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.

    Мекенжайы_____________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail) Филиалдар (өкілдіктері, объектілері, пунктілері, учаскелері) _________________________________________________________ (орналасқан орны және деректемелері)

    Банк шоты ____________________________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

    Осымен:

    барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға

    куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

    өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

    барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

    өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

    Басшы ____________________________________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» ___________

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    4-қосымша

    Нысан

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

    1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарың жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәліметтер:

    Р/с №
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Са­рап­шы ат­те­ста­ты­ның №, бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
    Ат­те­стат бой­ын­ша ма­ман­да­нуы
    Ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы
    Тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­уды жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша мә­лі­мет
    Тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­уды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дың бо­луы
    Объ­ек­ті­нің ата­уы
    Тап­сы­рыс бе­ру­ші
    Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді.
    2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік үй-жайлардың болуы туралы мәлімет
    Р/с №
    Әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­дың функ­ци­о­нал­дық құ­рам бө­лі­гі
    Ала­ңы
    Мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат неме­се өзге заң­ды негіз­де­ме
    Ме­кен­жайы және ка­дастр­лық нө­мі­рі
    3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет
    Р/с №
    Өл­шеу және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның, ком­пью­тер­лер­дің, ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың мар­ка­сы мен ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Са­ны
    Пай­да­ла­ну мер­зі­мі
    Тек­се­ру мер­зім­де­рі
    Ес­керт­пе
    4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәлімет
    Р/с №
    Ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Са­ны
    Ес­керт­пе
    5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген сынақ зертхананың (орталықтың) болуы туралы мәлімет
    Р/с №
    Зерт­ха­на­ның ата­уы
    Зерт­ха­на­ны ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ат­те­стат­тың № және бе­рі­л­ген кү­ні
    Ак­кре­дит-теу са­ла­сын си­паттау
    Мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат неме­се өзге заң­ды негіз­де­ме
    Зерт­ха­на ор­на­лас­қан жер
    Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
    Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.
    Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 464-бабына сәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

    Басшы

    _______________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    5-қосымша

    Нысан

    Заңды тұлғаның куәлікті қайта ресімдеу үшін өтініші

    ______________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы))

    ______________________________________________________________

    (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    №__________ бастап «___» _________ 20___ _______________________________________________________________

    (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

    1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________

    2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________

    Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін - ел, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

    Электрондық пошта ______________________________________

    Телефондар ____________________________________________________

    Факс __________________________________________________________

    Банктік шот ___________________________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

    Қоса беріледі _ парақ.

    Осымен расталады, бұл:

    барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

    өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;

    барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

    өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

    Басшы

    ______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    Толтыру күні: «__» __________ 20__ жыл

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    6-қосымша

    «Бі­рін­ші және екін­ші жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ін­де­гі объ­ек­ті­лер бой­ын­ша тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды және тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­уды жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар­ды ак­кре­дит­теу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі:
    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    «Бі­рін­ші және екін­ші жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ін­де­гі объ­ек­ті­лер бой­ын­ша тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды және тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­уды жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар­ды ак­кре­дит­теу»
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    Жа­у­ап­кер­ші­лік­тің бі­рін­ші және екін­ші дең­гей­де­гі объ­ек­ті­ле­рін­де тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­те­тін ұй­ым­дар­ды ак­кре­дит­теу;
    Жа­у­ап­кер­ші­лік­тің бі­рін­ші және екін­ші дең­гей­де­гі объ­ек­ті­ле­рін­де ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гі мен ор­нық­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық тек­се­ру бой­ын­ша са­рап­та­ма­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­ды ак­кре­дит­теу;
    Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ген кез­де ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу.
    3
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі­нің Құ­ры­лыс және тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық іcтepі ко­ми­те­ті.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Цифр­лық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz, сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы «e-Qurylys.kz» цифр­лық жүй­е­сі (www.​equ​ryly​s.​kz).
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ген кез­де, заң­ды тұл­ға қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған кез­де ку­ә­лік­ті бе­ру - қай­та ре­сім­деу-20-40 ми­нут.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (то­лық цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    осы Қа­ғи­да­лар мен рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 5, 7 және 9-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық түр­де.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі-Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, түс­кі үзіл­іспен са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
    2) пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ра­ды).
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) Бі­рін­ші және екін­ші жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ле­рін­де­гі объ­ек­ті­лер­де тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ал­ған кез­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі бі­рін­ші және екін­ші жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ле­рін­де­гі объ­ек­ті­лер­де тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның ак­кре­дит­те­уден өтуі үшін мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
    2) бі­рін­ші және екін­ші дең­гей­де­гі объ­ек­ті­лер­де ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гі мен тұ­рақ­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық тек­се­ру жө­нін­де­гі са­рап­та­ма­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ал­ған кез­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес күр­де­лі­лі­гі бі­рін­ші және екін­ші дең­гей­де­гі объ­ек­ті­лер­де ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гі мен тұ­рақ­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық тек­се­ру бой­ын­ша са­рап­та­ма­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның ак­кре­дит­те­уден өтуі үшін мә­лі­мет­тер ны­са­ны; ин­же­нер-гео­де­зист ди­пло­мы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    3) ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу ке­зін­де осы Қа­ғи­да­лар мен рұқ­сат та­лап­та­ры­на 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс іс­те­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да www.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: (1414).

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    7-қосымша

    Нысан

    АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

    Аккредитация туралы осы куәлік___________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) берілді,

    __________________________________________________________ (заңды мекенжайы)

    _________________________________________жауапкершілік деңгейіндегі

    (тиісті жауапкершілік деңгейі)

    объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына

    АККРЕДИТТЕЛДІ

    және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

    Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін

    Уәкілетті орган _____________________________________

    ___________ қаласы 20__жылғы «__» ___________

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    8-қосымша

    Нысан

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі

    Р/с №
    Ұй­ым­ның ата­уы
    Ак­кре­дит­тел­ген ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рі, жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гейі
    Ак­кре­дит­тел­ген ұй­ым­ның шта­тын­да тұ­ра­тын қыз­мет­кер­лер ту­ра­лы мә­лі­мет
    Қа­был­дан­ған жа­у­ап­кер­ші­лік ша­ра­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет
    1
    2
    3
    4
    5

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    9-қосымша

    Нысан

    АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

    Осы аккредиттеу туралы куәлік _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)

    __________________________________________________________ берілді,

    (заңды мекенжайы)

    бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына

    АККРЕДИТТЕЛДІ

    және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.

    Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін

    Уәкілетті органн _____________________________________

    ___________ қаласы 20__жылғы « » ___________

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына

    10-қосымша

    Нысан

    Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімі

    Р/с №
    Ұй­ым­ның ата­уы
    Ак­кре­дит­тел­ген ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рі
    Ак­кре­дит­тел­ген ұй­ым­ның шта­тын­да тұ­ра­тын қыз­мет­кер­лер ту­ра­лы мә­лі­мет
    Қа­был­дан­ған жа­у­ап­кер­ші­лік ша­ра­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет
    1
    2
    3
    4
    5

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрінің

    2026 жылғы

    «__»____________

    №__ бұйрығына қосымша

    Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі

    1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» № 709 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12535 болып тіркелген);

    2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» № 953 бұйрығына қосымшасының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18138 болып тіркелді);

    3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» № 499 бұйрығы қосымшасының 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19044 болып тіркелді).

    4) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 1 сәуірдегі «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 175 бұйрығымен бектілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы;

    5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» № 150 бұйрығына қосымшасының 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27225 болып тіркелді);

    6) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» № 367 бұйрығына қосымшасының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36866 болып тіркелді).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.