Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 107/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2026 ж.

    Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 107/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 107/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7541-14 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    қөрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;

    қөрсетілген шешімнің 1-қосымшасында айқындалған Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Железин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

    2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Железин аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    Т. Даулетов

    Железин аудандық мәслихатының

    2026 жылғы «20» мамырдағы

    № 235/8 шешіміне

    қосымша

    Железин аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 15 мамырдағы

    № 107/8 шешіміне

    1-қосымша

    Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

    1 - тарау. Жалпы ережелер

    1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын тұрғынжайды тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Железин ауданында тұратындарға:

    ағымдағы және жинақтау жарналарын;

    коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

    мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

    2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

    2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

    3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептеледі.

    4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

    Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1- тармағына сәйкес есептейді.     

    5. Телекоммуникация желісіне қосылган телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

    6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат, заңдарға, сот шушіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегі тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

    Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

    7. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанда жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.

    8. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражатты есебінен көрсетіледі.

    9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

    10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.