Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылының көшесін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 мамыр 2026 ж.

    «Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылының көшесін қайта атау туралы»

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Үржар ауылдық округі Үржар ауылының жергілікті қоғамдық кеңесінің мүшелерінің пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 10 желтоқсандағы Абай облысының ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылындағы Северная көшесі Мұхтархан Мұқажанов деп қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Үржар ауылдық округінің әкімі

    М.Амирбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.