Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 39-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы

    У. Елеусинов

    Жалағаш аудандық мәслихатының

    2026 жылғы 20 мамырдағы № 43-2

    шешіміне қосымша

    Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі

    1. Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін қарыз сомасының 10%, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.

    2. Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттарына мыналар жатады:

    1)Ұлы Отан соғысының ардагерлері (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    6) «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бекiтілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімінде көрсетілген аурумен ауыратын адамдар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    9) қандастар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    13) толық емес отбасылар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған);

    15) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар (тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.