Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Vigor Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 9 ақпан айындағы № 231/001 санды өтініші негізінде, Жаңақорған кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Vigor Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қуаттылығы 30 МВт әуе электр желілері құрылысын жүргізу мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Жаңақорған кенті, Санатория айналма жол бойында орналасқан жалпы көлемі 1,025 гектар жер учаскесіне 2048 жылдың ақпан айының 28-не дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Vigor Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру ұсынылсын.
3. Осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған кенті әкімі
Ж. Бейсенбеков
Жаңақорған кенті әкімінің
2026 жылғы «19» мамырдағы
№198 шешіміне қосымша
«Vigor Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
|
№
|
Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
|
Кадастрлық нөмірі
|
Жер учаскелерінің көлемі, гектар
|
|
1
|
«Шипажай Жаңақорған» ЖШС
|
10-149-004-2561
|
0,4981
|
|
2
|
Искендирова Сабира Идирисовна
|
10-149-004-739
|
0,2463
|
|
3
|
Аширбеков Илесбек Култасович
|
10-149-004-1011
|
0,2806
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.