«Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2026 ж.

    «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген)мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:

    3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «мемлекеттік мекемелер «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 230 бұйрық) нысандар бойынша жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.»;

    4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте тапсыруға қалыптастырылады;

    5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:

    1) электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жасалады. Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымша ларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 230 бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады; 2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.»;

    11-тармақта:

    бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.»;

    үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік мекемелер қайта бағалау моделін қолданған немесе активтерді бағалаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.»;

    көрсетілген бірыңғай әдістемеге 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бірыңғай әдістемеге 2, 3 және 4-қосымша лар осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бесінші және он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 15 мамырдағы

    № 307 бұйрығына

    1-қосымша

    Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне

    1-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ЖА

    Кезеңділік: жыл сайын

    Есепті кезең: 20___ жылғы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    мың теңге

    Мү­лік тү­рі
    Са­ны
    Ал­ғаш­қы құн
    Жи­нақ­тал­ған амор­ти­за­ция
    Құн­сызда­ну­дан шы­ғын­дар
    Тең­ге­рім құ­ны (3-ба­ған - 4- ба­ған 5- ба­ған)
    Қай­та ба­ға­лау со­ма­сы (+/-)
    Қай­та ба­ға­ла­удан кей­ін­гі тең­ге­рім құ­ны (6-ба­ған + 7-ба­ған)
    Тех­ни­ка­лық пас­порт­та­ры бар объ­ек­ті­лер са­ны
    Есеп­ті жыл­да пас­порт-тау жүр­гі­зіл-ген объ­ек­ті-лер са­ны
    Пас­порт­тау жүр­гі­зі­луі қа­жет объ­ек­ті­лер са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    1. Ғи­ма­рат­тар, жер­лер**
    Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
    Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
    Жер
    х
    ***
    2. Құ­ры­лы­стар** (су тарт­қы­штар, ста­ди­он­дар, бас­сейн­дер, жол­дар, кө­пір­лер, ес­керт­кіш­тер, са­ябақ­тар, сквер­лер, қо­ғам­дық бақ­тар қор­ша­у­ла­ры, бұр­ғы сква­жи­на­ла­ры, штоль­ня­лар)
    3. Бе­ру қон­дыр­ғы­ла­ры
    Электр бе­ру және бай­ла­ныс қон­дыр­ғы­ла­ры
    Транс­мис­си­я­лар және құ­быр өт­кіз­гіш­те­рі
    4. Кө­лік құ­рал­да­ры
    Те­мір­жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы құ­ра­мы
    Су кө­лі­гі
    Ав­то­мо­биль кө­лі­гі
    Әуе­кө­лі­гі
    Ат­кө­лі­гі
    Өн­ді­рі­стіккө­лік
    Спорт­тық кө­лік
    5. Ма­ши­на­лар және жаб­дық
    Күш ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық
    Жұ­мыс ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық
    Өл­шеу ас­пап­та­ры
    Рет­те­у­ші ас­пап­тар және қон­дыр­ғы­лар
    Ла­бо­ра­то­ри­я­лы­қ­жаб­дық
    Ком­пью­тер­лік жаб­дық
    Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық
    Кең­се жабды­ғы
    Өзге де ма­ши­на­лар және жаб­дық
    6. Құ­рал­дар, өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал*
    Құ­рал­дар
    Өн­ді­рі­стік мүк­әм­мал және ке­рек-жа­рақ­тар
    Ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
    Өзге де өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
    7. Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
    Кө­гал­дан­дыр-атын, сән­дік отыр­ғы­зу­лар жа­сан­ды кө­п­жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
    Жер­лер­ді жақ­сар­ту бой­ын­ша күр­де­лі шы­ғын­дар
    Өзге де мүк­әм­мал
    Жұ­мыс ма­лы
    Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
    8. Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік**
    Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
    Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
    Жер
    х
    9. Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер
    Жа­ну­ар­лар
    Кө­п­жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
    10. Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
    Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
    Ав­тор­лық құқық­тар
    Ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім
    Па­тент­тер
    Цифр­лық ак­тив­тер
    х
    х
    х
    Өзге де ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
    11.Мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі цифр­лық объ­ек­ті­лер
    х
    х
    х
    Цифр­лық ре­сур­стар
    х
    х
    х
    Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
    х
    х
    х
    Ин­тер­нет-ре­сурс және цифр­лық ин­фра­құ­ры­лым
    х
    х
    х
    12. Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
    Ескертпелер:
    * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес;
    ** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып;
    *** «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматы түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі;
    x бұл жайғасым толтыруға жатпайды.
    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» қосымшада берілген.
    Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
    Телефон
    Электрондық пошта мекенжайы
    Орындаушы _______________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны
    (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
    БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі

    Нысанға қосымша

    «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    (Индекс: 1-ЖА, кезеңділік: жыл сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    3. Нысанның 1- бағанында мүлік түрлері көрсетілген.

    4. Нысанның 2 - бағанында мүліктің саны көрсетіледі.

    5. Нысанның 3-бағанында теңгерімге қою кезінде алғашқыда танылған мүліктің бастапқы құны көрсетіледі.

    6. Нысанның 4-бағанында пайдалану кезеңінде мүліктің жинақталған тозуы көрсетіледі.

    7. Нысанның 5-бағанында мүліктің теңгерім құны оның өтелетін құнынан асатын сома көрсетіледі.

    8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудан болған шығын шегерілгеннен кейін мүлік есепке алынатын құн көрсетіледі (3 - баған - 4-баған - 5-баған).

    9. Нысанның 7- бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.

    10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).

    11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.

    12. Нысанның 10-бағанында есепті жылы паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.

    13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізіуі қажет объектілер саны көрсетіледі.

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 15 мамырдағы

    № 307 бұйрығына

    2-қосымша

    Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне

    2-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АҚ

    Кезеңділік: жыл сайын

    Есепті кезең: 20___ жылғы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Үй-жайдың атауы
    Мемлекеттік заңды тұлға қызметкерлерінің саны
    Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың ауданы, ш. м.
    Үй-жайдың нақты ауданы, ш. м.
    Бекітілген нормативтерге сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаны орналастыру үшін қажетті аудан, ш. м.
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Ескертпе:
    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» қосымшада берілген.
    Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
    Телефон
    Электрондық пошта мекенжайы
    Орындаушы _______________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны
    (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
    БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
    Ш.м. – шаршы метр

    Нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»

    (Индекс: 1- АҚ, кезеңділігі: жыл сайын)

    1-тарау. Жалпы ереже

    1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

    2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

    4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.

    5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

    6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.

    7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.

    8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 15 мамырдағы

    № 307 бұйрығына

    3-қосымша

    Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне

    3-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АА

    Кезеңділік: жыл сайын

    Есепті кезең: 20___ жылғы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    р/с №
    Ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ата­уы
    Ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ор­на­лас­қан же­рі
    Ғи­ма­рат­тың ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Ғи­ма­рат неме­се үй-жай ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұр­ған ғи­ма­рат, ғи­ма­рат­тың бір бө­лі­гі неме­се ғи­ма­рат­та­ғы үй-жай­лар және сол си­яқ­ты)
    Мем­ле­кет­тік заң­ды тұл­ға­ны ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Мем­ле­кет­тік заң­ды тұл­ға ор­на­лас­қан ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ауда­ны, ш. м.
    Жал­ға бе­рі­ле­тін алаң­ның 1 ш. м. құ­ны, тең­ге *
    Ғи­ма­рат­ты неме­се үй-жай­ды жал­ға алу бой­ын­ша шы­ғы­стар, бір ай­ға, тең­ге *
    Есеп­ті жы­лы ғи­ма­рат­ты неме­се үй-жай­ды жал­ға алу бой­ын­ша шы­ғы­стар, тең­ге *
    Же­дел жүр­гі­зу неме­се ша­ру­а­шы­лық бас­қа­ру құқы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ғи­ма­рат неме­се үй-жай
    Бас­қа мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған
    Мем­ле­кет­тік емес заң­ды тұ­лға­лар­дан және/неме­се же­ке тұ­лға­лар­дан жал­ға алын­ған
    Жал­пы ауда­ны
    Пай­да­лы аудан
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    Ескертпелер:
    * 11, 12 және 13 бағандарды жалға алынатын үй-жайы бар болған жағдайда мемлекеттік мекемелер ғана толтырады.
    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары» қосымшада берілген.
    Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
    Телефон
    Электрондық пошта мекенжайы
    Орындаушы _______________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны
    (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
    БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
    Ш.м. – шаршы метр

    Нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»

    (Индекс: 1-АА, кезеңділігі:жыл сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

    2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

    4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.

    5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері көрсетіледі.

    6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

    7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.

    8. Нысанның 6, 7, 8 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

    9. Нысанның 9, 10 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлға алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.

    10. Нысанның 11-бағанында жалға алынған алаңның 1 шаршы метрі үшін құны көрсетіледі.

    11. 12-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

    12. 13-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 15 мамырдағы

    № 307 бұйрығына

    4-қосымша

    Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне

    4-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АЖ

    Кезеңділік: жыл сайын

    Есепті кезең: 20___ жылғы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    р/с №
    Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы
    Қызметтік немесе кезекші
    (оның ішінде автобустар)
    Маркасы, моделі, модификациясы
    Мемлекеттік нөмірі
    Қозғалтқыш көлемі, текше см
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    кестенің жалғасы
    Автокөліктің тиесілігі туралы мәліметтер
    Автокөлікті жалға алу бойынша шығыстар, бір айға, теңге
    Автокөлікті жалға алу бойынша шығыстар, есепті жыл үшін, теңге
    Жедел немесе шаруашылық басқару құқығына бекітілген автомобиль
    Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың пайдалануына берілді
    Мемлекеттік емес заңды тұлғалардан және (немесе) жеке тұлғалардан жалға алынатын
    7
    8
    9
    10
    11
    Ескертпе:
    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» қосымшада берілген.
    Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
    Телефон
    Электрондық пошта мекенжайы
    Орындаушы _______________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны
    (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
    БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
    Текше см – текше сантиметр

    Нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат»

    (Индекс: 1- АЖ, кезеңділігі:жыл сайын)

    1-тарау. Жалпы ереже

    1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

    2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    3. Нысанның 1 - бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

    4. Нысанның 2 - бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

    5. Нысанның 3 - бағанында қызметтік немесе кезекші автомобиль (оның ішінде автобустар) көрсетіледі.

    6. Нысанның 4 - бағанында автомобильдің маркасы, моделі, модификациясы көрсетіледі.

    7. Нысанның 5 - бағанында автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.

    8. Нысанның 6-бағанында автомобиль қозғалтқышының көлемі текше см көрсетіледі.

    9. Нысанның 7, 8, 9 - бағандарында автомобильдің жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.

    10. 10 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

    11. 11 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 15 мамырдағы

    № 307 бұйрығына

    5-қосымша

    Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне

    5-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: Цифрлық активтер туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- ЦА

    Кезеңділік: жыл сайын

    Есепті кезең: 20___ жылғы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Цифр­лық ак­тив­тің тү­рі
    Цифр­лық ак­тив­тің тех­но­ло­ги­я­лық негі­зі
    Бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гіш
    Құқық­тық ре­жим
    Мем­ле-кет­тік бас­қа­ру ор­га­ны
    Цифр­лық ак­тив­тер­ді шы­ға­ру бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұл­ға (же­ке кә­сіп­кер)
    Мем­ле­кет­тік мен­шік құқы­ғы­ның пай­да бо­лу негі­зі
    Тең­ге­рім­ге қою кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Ескертпе:
    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Цифрлық активтер туралы ақпарат» қосымшада берілген.
    Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
    Телефон
    Электрондық пошта мекенжайы
    Орындаушы _______________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны
    (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
    БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі

    Нысанға қосымша

    «Цифрлық активтер туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    (Индекс: 1-ЦА, кезеңділігі: жыл сайын)

    1-тарау. Жалпы ереже

    1. Осы түсіндірме «Цифрлық активтер бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    3. Нысанның 1- бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

    4. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның цифрлық активінің түрі көрсетіледі.

    5. Нысанның 3-бағанында цифрлық активтің технологиялық негізі (блокчейн / ақпараттық жүйе) көрсетіледі. 

    6. Нысанның 4-бағанында бірегей сәйкестендіргіш көрсетіледі (hash / token ID).

    7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның цифрлық активінің құқықтық режимі көрсетіледі (қамтамасыз етілген / қамтамасыз етілмеген).

    8. Нысанның 6-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның мемлекеттік басқару органы көрсетіледі.

    9. Нысанның 7-бағанында цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) атауы көрсетіледі.

    10. Нысанның 8-бағанында мемлекеттік меншік құқығының пайда болу негізі көрсетіледі.

    11. Нысанның 9-бағанында теңгерімге қою күні көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.