Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы «Павлодар облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» № 446/38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы «Павлодар облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» № 446/38 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7099 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Павлодар облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларында:
18-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы
И. Теренченко
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.