Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» № 539/44 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 мамыр 2026 ж.

    Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» № 539/44 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Павлодар облыстық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» № 539/44 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7099 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы «мәдениет,» деген сөзден кейін «архив ісі,» сөздермен толықтырылсын;

    аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы «мәдениет,» деген сөзден кейін «архив ісі,» сөздермен толықтырылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    И. Теренченко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.