Рудный қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 мамыр 2026 ж.

    Рудный қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Рудный қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    А. Искаков

    Мәслихаттың

    2026 жылғы 15 мамырдағы

    № 280 шешіміне

    қосымша

    Рудный қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтардыжинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналғантарифтер

    Атауы
    Есептік бірлік
    Қызметтер құны, теңге, (қосылған құн салығысыз)
    Жайлы үйлер
    айына 1-тұрғыннан
    528,85
    Жайлы емес үйлер
    530,48
    Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф
    1 м3
    3905,27

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.