Райымбек аудандық мәслихатының «Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 наурыздағы № 40-215 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2026 ж.

    Райымбек аудандық мәслихатының «Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 наурыздағы № 40-215 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Райымбек аудандық мәслихатының «Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 наурыздағы № 40-215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6227-05 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    2-тарау көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 8-тармақ алынып тасталсын;

    көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 9-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының «Әлеуметтік-мәдени, даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    С. Мусирбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.