Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 мамыр 2026 ж.

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    5. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап:

    Тізбенің 1-тармағының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

    «4. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген және (немесе) өзгертілген, толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жолдайды.»;

    2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

    Тізбенің 1-тармағының жиырма төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

    «9) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект.»;

    Тізбенің 1-тармағының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:

    «4. Орталық мемлекеттік органдар, республикалық маңызы бар астананың, облыстардың, қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және «цифрлық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

    5. Уәкілетті компания (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үлескермен немесе реновациялау шеңберіндегі үлескермен Шарт немесе Реновациялау шеңберіндегі шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысанда Шартты немесе Реновациялау шеңберіндегі шартты есепке қою үшін өтінімді мыналар:

    1) цифрлық объектісі – www.qazreestr.kz жүйесі;

    2) (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған веб-портал;

    3) Жүйемен интеграцияланған Көрсетілетін қызметті алушының цифрлық объектісі арқылы жолдайды.»;

    Тізбенің 1-тармағының қырық жетінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

    «15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;

    Тізбенің 1-тармағына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    Тізбенің 3-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:

    «4. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты www.qazreestr.kz жүйесінің операторына және Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

    Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, «цифрлық үкіметтің» операторына, Бірыңғай байланыс орталығына 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат жібереді.

    5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін пайшымен тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда тіркеу үшін өтінімді Көрсетілетін қызметті берушіге цифрлық объекті - www.qazreestr.kz. жүйе арқылы жібереді.»;

    Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда колданылсын.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2026 жылғы 18 мамырдағы

    № 244

    бұйрығына 1-қосымша

    Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

    бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

    Қағидалардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары жаңа редлакцияда жазылсын:

    «1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) автоматтандырылған тексеру – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жүзеге асырылатын көппәтерлі тұрғын үйдегі үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуын тексеру;

    2) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

    2-1) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – реновациялау шеңберінде Шарт) – уәкілетті компания мен реновациялау шеңберіндегі үлескер арасында жасалатын, тараптардың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт, бұл ретте бір тарап – көппәтерлі тұрғын үйді салуды қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталғаннан кейін екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге, ал екінші тарап реновациялау объектісін және (немесе) реновациялау объектісі шеңберіндегі жылжымайтын мүлікті қарсы беруді жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенеді;

    2-2) реновациялау шеңберіндегі үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін алу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;

    3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;

    4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт;

    5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;

    6) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;

    7) үлес – салынған көп пәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрамына кіретін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес реновациялау шеңберіндегі үлескерге берілетін, көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер немесе тұрғын емес үй-жай немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;

    8) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум);

    9) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

    3. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    4. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

    2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    5. Уәкілетті компания (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Шарт немесе реновациялау шеңберіндегі Шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысанда Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қою үшін өтінімді мыналар:

    1) ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz жүйесі;

    2) (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған веб-портал;

    3) Жүйемен интеграцияланған Көрсетілетін қызметті алушының ақпараттандыру объектісі арқылы жолдайды.

    6. Көрсетілетін қызметті алушының Шартын немесе реновациялау шеңберінде Шартын есепке қоюға арналған өтінім, ЭЦҚ арқылы қол қойылған, үлескермен немесе реновациялау шеңберінде үлескермен жасалған Шартты немесе реновациялау шеңберінде Шартты, үлескердің немесе реновациялау шеңберінде үлескердің дербес деректерін және сатып алынған үлесі туралы мәліметтерді қамтиды.

    Көрсетілетін қызметті алушы үлескердің немесе реновациялау шеңберінде үлескердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қамтамасыз етеді.

    7. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою үшін өтінімді тіркеу ол жіберілген күні жүзеге асырылады.

    Өтінім Жүйеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінімді тіркеу Жүйеде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетілген Жүйеде өтінімді тіркеу туралы мәртебе Көрсетілетін қызметті алушыға Жүйеде есептік жазба арқылы беріледі.

    8. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою және есептен шығару Жүйеде өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Жүйе арқылы автоматты тексеруді қолдануға Көрсетілетін қызметті берушінің келісімі болған кезде Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады;

    Жүйе арқылы автоматты тексеруді қолдануға Көрсетілетін қызметті берушінің келісімі болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті беруші Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне дербес тексеруді жүзеге асырады.

    9. Тексеру нәтижелері бойынша Көрсетілетін қызметті беруші Жүйеде Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

    10. Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін Жүйеде Көрсетілетін қызметті берушіге Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қою үшін өтінімді қайта жібереді.

    11. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою кезінде, Көрсетілетін қызметті беруші реновациялау шеңберінде Шарттың немесе Шарттың есептік жазбасы туралы үзіндіге қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және Көрсетілетін қызметті алушының Жүйедегі жеке кабинетіне және Шартта немесе реновациялау шеңберінде Шартта көрсетілген реновациялау шеңберінде үлескердің немесе үлескердің электрондық поштасына жіберіледі.

    Үлескерде немесе реновациялау шеңберінде үлескерде электрондық пошта болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы үлескерге немесе реновациялау шеңберінде үлескерге Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірменің тиісті жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге де тәсілдермен үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.

    12. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты тоқтату немесе есептен шығару осы Қағидаларға Тізбенің 10-тармағында көзделген тиісті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

    13. Реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа қосымша келісімдерді және электрондық нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару Жүйемен өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Жазбаша нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару өтінімді Жүйеде тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    14. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

    15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

    17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемқызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    18. Егер Мемқызметтер туралы Заңында өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер Мемқызметтер туралы Заңында жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті кері қайтарып алумен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның дәлелді ұстанымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынады.

    Жергілікті атқарушы

    органдардың тұрғын үй

    құрылысына үлестік қатысу

    туралы шарттарды және

    реновациялау шеңберінде

    үлестік қатысу туралы шарттарды,

    сондай-ақ олар бойынша талап ету

    құқықтарын басқаға беру туралы

    шарттарды есепке алуды

    жүргізу қағидаларына

    1-қосымша

    нысан

    Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме

    Құ­ры­лыс са­лушы және уәкі­лет­ті ком­па­ния ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Құ­ры­лы­стың ба­ста­лу және аяқ­та­лу мер­зі­мі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­ның бі­рың­ғай опе­ра­то­ры­ның ке­піл­ді­гі неме­се жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның үлес­кер­лер­дің ақ­ша­сын тар­ту­ға рұқ­са­ты
    Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­ттың неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­ттың/ та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні
    Үлес­кер неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де­гі үлес­кер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Үлес ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­тқа неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­тқа өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу, сон­дай-ақ үлес­кер­дің неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де­гі үлес­кер­дің шарт бой­ын­ша та­лап ету құқы­ғын бас­қа­ға бе­руі
    Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­тты неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­тқа тоқ­та­ту неме­се есеп­тен шы­ға­ру

    Жергілікті атқарушы

    органдардың тұрғын үй

    құрылысына үлестік қатысу

    туралы шарттарды және

    реновациялау шеңберінде

    үлестік қатысу туралы шарттарды,

    сондай-ақ олар бойынша талап ету

    құқықтарын басқаға беру туралы

    шарттарды есепке алуды

    жүргізу қағидаларына

    2-қосымша

    Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­ттың және ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді-кө­шір­ме бе­ру
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­ның, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    3
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уын
    Жоқ
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    1) ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі – www.​qaz​rees​tr.​kz тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың және ре­но­ва­ци­ядау шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (бұ­дан әрі – Жүйе);
    2) (single sign-on) бі­рың­ғай кі­ру тех­но­ло­ги­я­сы ар­қы­лы Жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – веб-пор­тал);
    3) Жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты неме­се Шар­тты есеп­ке қою Жүй­е­ге өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    2) ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты неме­се Шар­тты тоқ­та­ту неме­се есеп­тен шы­ға­ру ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты және Шар­тты есеп­ке қою мер­зім­де­ріне ұқсас мер­зім­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    3) ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді және элек­трон­дық ны­сан­да жа­сал­ған та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою, тоқ­та­ту неме­се есеп­тен шы­ға­ру Жүй­е­ге өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    4) жа­з­ба­ша ны­сан­да жа­сал­ған та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою, тоқ­та­ту неме­се есеп­тен шы­ға­ру Жүй­е­ге өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Шар­ттың неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­ні көр­се­те оты­рып, Шар­тты неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты есеп­ке қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жол­дау.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін Аста­на қа­ла­сы­ның уа­қы­ты бой­ын­ша са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
    2) Жүйе – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    3) веб-пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты неме­се Шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де - ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шарт неме­се Шарт;
    Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа Қо­сым­ша ке­лі­сім­ді есеп­ке қою ке­зін­де - ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа Қо­сым­ша ке­лі­сім;
    Та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де - ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шарт;
    Үле­сті бе­ру ту­ра­лы шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де
    - үле­сті бе­ру ту­ра­лы шарт;
    Шар­ттың неме­се Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты тоқ­та­ты­луы ке­зін­де - Жүй­е­де тір­кел­ген Шар­ттың неме­се Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты­ың тоқ­та­ты­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат.
    Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, үлес­кер­лер­дің ақ­ша­сын тар­ту­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы құ­жат­тар­дың мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­дың құ­ра­мын­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­да;
    2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
    4) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бо­лып, со­ның негі­зін­де Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін – Шар­ттың неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме­ні элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар:
    1) Жүйе ар­қы­лы;
    2) Жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі.
    ».
    2. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 678 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
    «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
    бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
    «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-2) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
    бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    «1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
    қағидалардың атауы мынадайредакцияда жазылсын:
    «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары»;
    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары жаңа редакцияда жазылсын:
    «1-тарау. Жалпы ережелер
    1. Осы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін айқындайды.
    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
    1) квартирограмма – тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды немесе жеке тұрғын үй кешенін сатып алуға байланысты құқықтар мен міндеттердің, оның ішінде жоспарланған жобаларда және салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерде немесе жеке тұрғын үй кешенінде үлестер мен пайлардың есебін жүргізу үшін техникалық параметрлері (алаңы, қабаттылығы, үй-жайдың түрі, пәтерлер саны, үй-жайдың нөмірі, кіреберістің нөмірі, жер учаскесінің алаңы, тұрақ орындары) бар мәліметтер;
    1-1) кепіл ұстаушы – банк, банк операцияларының жекелегентүрлерінжүзеге асыратынұйым немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым;
    2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
    2-1) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – реноациялау шеңберінде Шарт) – уәкілетті компания мен реновациялау шеңберіндегі үлескер арасында жасалатын, тараптардың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт, бұл ретте бір тарап – көппәтерлі тұрғын үйді салуды қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталғаннан кейін екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге, ал екінші тарап реновациялау объектісін және (немесе) реновациялау объектісі шеңберіндегі жылжымайтын мүлікті қарсы беруді жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенеді;
    2-2) реновациялау шеңберіндегі үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін алу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;
    3) рұқсат беру құжаттары – өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды: жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі; қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларына (жекелеген бөліктеріне) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге арналған тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;
    4) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
    4-1) тұрғын үй-құрылыс кооперативі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;
    5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешеннің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;
    6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
    7) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешеннің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт;
    8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, ренвациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;
    9) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) – жарғылық капиталына мемлекет тікелей немесе жанама қатысатын, мақсаты Қазақстан Республикасының халқына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты ипотекалық кредиттеу және жалға берілетін тұрғын үйді беру, үлестік тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері арқылы іске асыруға қатысу, сондай-ақ құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық ұйым;
    10) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
    11) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй кешенінде үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум).
    2-тарау. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі
    3. Жүйенің пайдаланушылары:
    1) құрылыс салушылар;
    2) уәкілетті компаниялар;
    3) тұрғын үй-құрылыс кооперативтері;
    4) кепіл ұстаушы;
    5) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган).
    4. Құрылыс салушының немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативінің есептік жазбасын жасау Жүйеде дербес тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
    Жүйедегі құрылыс салушының немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативінің есептік жазбасы туралы мәліметтерді редакциялау және жою тиісінше уәкілетті органның немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысының атына құрылыс салушының немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
    5. Уәкілетті компанияның есептік жазбасын құруды құрылыс салушы Жүйеде дербес үлескерлердің ақшасын тартуға ЖАО-ның рұқсатын не Бірыңғай оператордың кепілдігін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
    Уәкілетті компанияның есептік жазбасының мәліметтерін өңдеуді құрылыс салушы Жүйеде дербес жүзеге асырады.
    Жүйеде уәкілетті компанияның есептік жазбасын жою құрылыс салушының уәкілетті органның немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысының атына жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
    6. Жүйеде жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының есептік жазбасын жасау Жүйенің уәкілетті органының немесе сенімгерлік басқарушысының атына жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының жазбаша өтініші арқылы жүзеге асырылады.
    Жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының есептік жазбасы уәкілетті орган немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысы өтінішті тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жасалады.
    Жүйедегі мәліметтерді редакциялау және жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының есептік жазбасын жою уәкілетті органның немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысының атына жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
    Жергілікті атқарушы органның қызметкері немесе кепіл ұстаушы жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган немесе кепіл ұстаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша өтініш негізінде есептік жазбаны өшіру үшін уәкілетті органды немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысын хабардар етеді.
    7. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатын не Бірыңғай оператордың кепілдігін алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде Жүйеге электрондық нысанда көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысы объектісі (бұдан әрі – объект) туралы мәліметтерді тіркеу үшін өтінімді объектінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға жібереді.
    Уәкілетті компанияның өтінімі объект туралы мынадай мәліметтер мен құжаттаманы қамтиды:
    1) объектінің атауы;
    2) объектінің орналасқан жері;
    3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
    4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
    5) үлескерлердің ақшасын тартуға ЖАО-ның рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі;
    6) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
    7) объектінің квартирограммасы;
    8) обектінің техникалық сипаттамалары.
    7-1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонды алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға электрондық нысанда көп пәтерлі тұрғын үй (бұдан әрі – КПТҮ) туралы мәліметтерді тіркеу үшін Жүйеге өтінім жібереді.
    Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің өтінімі объект туралы мынадай мәліметтер мен құжаттаманы қамтиды:
    1) КПТҮ атауы;
    2) КПТҮ орналасқан жері;
    3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
    4) құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
    5) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
    6) КПТҮ квартирограммасы;
    7) КПТҮ техникалық сипаттамасы.
    8. Жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жүйеде объект туралы мәліметтерді тексереді және тіркейді не бас тарту үшін негізді көрсете отырып, объект туралы мәліметтерді тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
    9. Объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерді тіркеуден бас тартуға негіздер болып табылады:
    1) уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеге енгізген объект немесе КПТҮ туралы мәліметтердің объект бойынша уәкілетті компанияның рұқсат беру құжаттарының мәліметтеріне сәйкес келмеуі;
    2) уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі ұсынған объект немесе КПТҮ бойынша рұқсат беру құжаттарының және (немесе) олардағы мәліметтердің сенімсіздігін орнатуы.
    10. Дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерді тіркеу үшін өтінімді жергілікті атқарушы органға қайта жібереді.
    11. Объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерді түзетуді уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерге тиісті түзетулер енгізу қажеттілігін растайтын рұқсат беру және (немесе) өзге де құжаттардың болуы негізінде дербес жүзеге асырады.
    Уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерге қажетті түзетулер енгізеді, растайтын құжаттарды қоса береді және объект немесе КПТҮ туралы түзетілген мәліметтерді тіркеу үшін өтінімді жергілікті атқарушы органға жібереді.
    12. Жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы түзетілген мәліметтерді тексереді және тіркейді не осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, объект немесе КПТҮ туралы түзетілген мәліметтерді тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
    13. Жүйеде Шарттарды немесе реновациялау шеңберінде Шарттарды есепке қоюды уәкілетті компания жергілікті атқарушы орган Жүйеде объект туралы мәліметтерді тіркегеннен кейін жүзеге асырады.
    13-1. Жүйеде тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді тұрғын үй-құрылыс кооперативі жергілікті атқарушы орган Жүйеде КПТҮ туралы мәліметтерді тіркегеннен кейін жүзеге асырады.»
    «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы»
    3. «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    «1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тәртібін айқындайды.»;
    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына:
    2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;»;
    4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    «4. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты www.qazreestr.kz Жүйесінің операторына және Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
    Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
    Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Бірыңғай байланыс орталығына 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат жібереді.
    5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін пайшымен тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда тіркеу үшін өтінімді ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz.жүйесі арқылы Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
    11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    «11. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу кезінде Қызмет беруші қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көрсетілген пайшының электрондық поштасына тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірмені жібереді.
    Пайшыда электрондық пошта болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірменің тиісті жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге де тәсілдермен пайшыға ұсынады.
    12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.»;
    2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жергілікті атқарушы

    органдардың тұрғын үй-

    құрылыс кооперативіне қатысу

    шарттарын тіркеу қағидаларына

    2-қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су шар­тта­рын тір­кеу
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­ның, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    3
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уын
    Жоқ
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі – www.​qaz​rees​tr.​kz тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың және ре­но­ва­ци­лау шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (бұ­дан әрі – Жүйе)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін есеп­ке қою – (бұ­дан әрі – Шарт) – өті­нім Жүй­е­де тір­кел­ген күн­нен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
    2) элек­трон­дық шар­тты есеп­ке қою – Жүй­е­де өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
    3) шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді және та­лап ету құқық­та­рын бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою және шы­ға­ру шар­тты есеп­ке қою рә­сі­міне ұқсас жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­ні көр­се­те оты­рып, Шар­тты есеп­ке қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жол­дау
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    те­гін
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін Аста­на қа­ла­сы­ның уа­қы­ты бой­ын­ша са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
    2) Жүйе – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) Шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін неме­се элек­трон­дық Шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де – Шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се элек­трон­дық Шарт;
    2) Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді неме­се та­лап ету құқық­та­рын бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою ке­зін­де – Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім неме­се та­лап ету құқы­ғын бе­ру ту­ра­лы шарт;
    3) Тоқ­та­ту неме­се есптен шы­ға­ру ке­зін­де – пай­шы­ның жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­та­ры­ның мем­ле­кет­тік тір­кел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат неме­се шар­ттың бұ­зы­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­дың құ­ра­мын­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­да;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бо­лып, со­ның негі­зін­де Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
    5) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін – Жүйе ар­қы­лы Шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме­ні элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
    ».

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2026 жылғы 18 мамырдағы

    № 244

    бұйрығына 2-қосымша

    Жергілікті атқарушы

    органдардың тұрғын үй

    құрылысына үлестік қатысу

    туралы шарттарды және

    реновациялау шеңберінде

    үлестік қатысу туралы шарттарды,

    сондай-ақ олар бойынша талап ету

    құқықтарын басқаға беру туралы

    шарттарды есепке алуды

    жүргізу қағидаларына

    2-қосымша

    Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­ттың және ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді-кө­шір­ме бе­ру
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­ның, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    3
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уын
    Жоқ
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    1) цифр­лық объ­ек­ті – www.​qaz​rees​tr.​kz тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың және ре­но­ва­ция шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (бұ­дан әрі – Жүйе);
    2) (single sign-on) бі­рың­ғай кі­ру тех­но­ло­ги­я­сы ар­қы­лы Жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған «цифр­лық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – веб-пор­тал);
    3) Жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны цифр­лық объ­ек­ті­сі.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты неме­се Шар­тты есеп­ке қою Жүй­е­ге өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    2) ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты неме­се Шар­тты тоқ­та­ту неме­се есеп­тен шы­ға­ру ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты және Шар­тты есеп­ке қою мер­зім­де­ріне ұқсас мер­зім­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    3) ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді және элек­трон­дық ны­сан­да жа­сал­ған та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою, тоқ­та­ту неме­се есеп­тен шы­ға­ру Жүй­е­ге өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    4) жа­з­ба­ша ны­сан­да жа­сал­ған та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою, тоқ­та­ту неме­се есеп­тен шы­ға­ру Жүй­е­ге өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Шар­ттың неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­ні көр­се­те оты­рып, Шар­тты неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты есеп­ке қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жол­дау.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін Аста­на қа­ла­сы­ның уа­қы­ты бой­ын­ша са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
    2) Жүйе – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    3) веб-пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты неме­се Шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де - ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шарт неме­се Шарт;
    Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа Қо­сым­ша ке­лі­сім­ді есеп­ке қою ке­зін­де - ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа Қо­сым­ша ке­лі­сім;
    Та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де - ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тқа неме­се Шар­тқа та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру ту­ра­лы шарт;
    Үле­сті бе­ру ту­ра­лы шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де
    - үле­сті бе­ру ту­ра­лы шарт;
    Шар­ттың неме­се Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты тоқ­та­ты­луы ке­зін­де - Жүй­е­де тір­кел­ген Шар­ттың неме­се Ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­тты­ың тоқ­та­ты­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат.
    Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, үлес­кер­лер­дің ақ­ша­сын тар­ту­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы құ­жат­тар­дың мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­дың құ­ра­мын­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­да;
    2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
    4) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бо­лып, со­ның негі­зін­де Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін – Шар­ттың неме­се ре­но­ва­ци­я­лау шең­бе­рін­де Шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме­ні элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар:
    1) Жүйе ар­қы­лы;
    2) Жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны цифр­лық объ­ек­ті­сі.

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2026 жылғы 18 мамырдағы

    № 244

    бұйрығына 3-қосымша

    Жергілікті атқарушы

    органдардың тұрғын үй-

    құрылыс кооперативіне қатысу

    шарттарын тіркеу қағидаларына

    2-қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су шар­тта­рын тір­кеу
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­ның, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    3
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уын
    Жоқ
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    цифр­лық объ­ек­ті – www.​qaz​rees​tr.​kz тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың және ре­но­ва­ция шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (бұ­дан әрі – Жүйе)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін есеп­ке қою – (бұ­дан әрі – Шарт) – өті­нім Жүй­е­де тір­кел­ген күн­нен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
    2) элек­трон­дық шар­тты есеп­ке қою – Жүй­е­де өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
    3) шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді және та­лап ету құқық­та­рын бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды қою және есеп­тен шы­ға­ру шар­тты есеп­ке алу рә­сі­міне ұқсас жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­ні көр­се­те оты­рып, Шар­тты есеп­ке қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жол­дау
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    те­гін
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін Аста­на қа­ла­сы­ның уа­қы­ты бой­ын­ша са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
    2) Жүйе – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) Шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін неме­се элек­трон­дық Шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де – Шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се элек­трон­дық Шарт;
    2) Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді неме­се та­лап ету құқық­та­рын бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою ке­зін­де – Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім неме­се та­лап ету құқы­ғын бе­ру ту­ра­лы шарт;
    3) Тоқ­та­ту неме­се есптен шы­ға­ру ке­зін­де – пай­шы­ның жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­та­ры­ның мем­ле­кет­тік тір­кел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат неме­се шар­ттың бұ­зы­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­дың құ­ра­мын­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­да;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бо­лып, со­ның негі­зін­де Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
    5) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін – Жүйе ар­қы­лы Шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме­ні элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.