Талғар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қазандағы «Талғар ауданының манызы бар қала, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» № 10-579 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 мамыр 2026 ж.

    Талғар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қазандағы «Талғар ауданының манызы бар қала, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» № 10-579 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 79-бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» № 139 бұйрығының күші жойылғанына байланысты Талғар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қазандағы «Талғар ауданының манызы бар қала, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» № 10-579 қаулысының күші жойылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аскербековке жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Т. Айдарбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.