Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 мамыр 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

    «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден көліктің барлық түрлерімен әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін:

    Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 2523290000 - портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, цемент суперсульфатты және боялмаған немесе боялмаған ұқсас гидравликалық цементтер боялған, дайын немесе клинкер нысанында, басқалары; 2523900000 - портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, цемент суперсульфатты және боялмаған немесе боялмаған ұқсас гидравликалық цементтер боялған, дайын немесе клинкер нысанында , өзге де гидравликалық цементтер;

    құрғақ құрылыс қоспаларын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3824509000 - құйма нысандары немесе құйма сырықтардьі өндіру үшін дайын байланыстырғыш заттар; басқа жерде аталмаған немесе енгізілме-ген химиялық өнімдер мен препараттар, өнеркәсіптің химиялық немесе аралас салаларының өнімдері мен препараттары (табиғи өнімдердің қосындысынан препараттар), өзге төзімсіз құрылыс ерітінділері мен бетондар;

    тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 6801000000 -табиғи тастан (тақтатастан басқа) жасалған төсемтас, жиектас тастар және төсеуге арналған плиталар; 6802230000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, гранит; 6802931000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, жылтыратылған, әшекейленген немесе оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, таза салмағы 10 кг немесе одан астам гранит; 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, өзге гранит;

    ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6809110000 – гипстен немесе оның қоспаларынан жасалған ою-өрнегі жоқ, тек қағазбен немесе картонмен қапталған немесе арматураланған тақталар, табақтар, панельдер, тақтайшалар және ұқсас бұйымдар);

    ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7003 – құйылған және прокаттық табақтар түріндегі немесе пішінделген жұтатын, шағылыстыратын немесе шағылыстырмайтын қабаты бар немесе жоқ, алайда қандай да бір өзге тәсілмен өңделмеген шыны; 7004 - созылған және үрленген, жалпақ, жұтатын, шағылыстыратын немесе шағылыстырмайтын қабаты бар немесе жоқ, алайда қандай да бір өзге тәсілмен өңделмеген шыны; 7005 – термиялық жалтыратылған шыны және беті тегістелген немесе жалтыратылған, табақтар түріндегі жұтатын, шағылыстыратын немесе шағылыстырмайтын қабаты бар немесе жоқ, алайда қандай да бір өзге тәсілмен өңделмеген шыны.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

    1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

    2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

    3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін.

    3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.