«Түлкібас ауданының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №30/3-06 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Түлкібас ауданының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №30/3-06 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4753 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық маслихаттың төрағасы
С. Сарсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.