«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ және «Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18594 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тiзбесінде:
1-бөлімнің реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
4
|
мыналарды: арнайы өндірістік ғимаратты; жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді; әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды; жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары жазбаша растайды) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның және технологиялық жабдықтың болуы) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өндірістік-техникалық базасы
|
монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
|
үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті цифрлық жүйелерден алады.
»;
2-бөлімнің реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

3-бөлімнің реттік нөмірі 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
3
|
оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, жабдықтарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, меншік құқығындағы (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары жазбаша растайды) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның технологиялық жабдықтың болуы) арнайы жабдықталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қойма
|
монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
|
үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті цифрлық жүйелерден алады.
»;
3-бөлімнің реттік нөмірі 6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
6
|
1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы
|
1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат
|
лицензиар рұқсат туралы мәліметтерді тиісті цифрлық жүйелерден алады
».
2. «Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18605 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
1-бөлімнің реттік нөмірі 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
3
|
қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты; босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары жазбаша растайды) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның және технологиялық жабдықтың болуы) (стационарлық және (немесе) ұтқыр) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық база
|
осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
|
үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті цифрлық жүйелерден алады.
»;
2-бөлімнің реттік нөмірі 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.