Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының атауы жоқ көшесіне «Бекбатыр Шыныбаев» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күшінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Б.Джайлямысов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.