Архитектуралық-үйлестіруші орталығын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 72-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны архитектуралық-үйлестіруші орталық болып айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылсын:
1) «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысы;
2) «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.