«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекші орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    М.Мухамедьяров

    әкімдіктің қаулысына

    1 қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесі

    1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

    1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

    2) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;

    3) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықты айқындау және бағалау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    4) мемлекеттік мекеменің жоғары немесе орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    5) ассистент;

    6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

    7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

    8) жоғары біліктілік деңгейіндегі маман – заңгер;

    9) жоғары біліктілік деңгейіндегі маман – менеджер.

    10) жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі – кадрлар жөніндегі инспектор

    2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

    1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

    2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;

    3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

    4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің, кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

    5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, режиссер, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);

    6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі санатсыз мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);

    7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары және орта біліктілік деңгейіндегі мамандары – дыбыс режиссері.

    әкімдіктің қаулысына

    2 қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі

    1) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысы, (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5267 болып тіркелді);

    2) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 279 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5744 болып тіркелді);

    3) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 344 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25337 болып тіркелді);

    4) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 88 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7483-15 болып тіркелді);

    5) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 жетоқсандағы № 246 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7645-15 болып тіркелді);

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.