Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Актас Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен 35 кВ ВЛ салу және қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 553,4874 гектар жер учаскесінде 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Актас Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әуе желісінің құрылысын жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және әуе желісінің құрылысын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
К. Толеубеков
Аудан әкімдігінің 2026 жылғы
« 14 » мамырдағы №116
қаулысына қосымша
35 кВ ВЛ салу және қызмет көрсету үшін
|
Жер учаскесін бөліп беру шекараларында беріледі, барлығы
|
Оның ішінде:
|
||||
|
Барлығы
|
егістік
|
Жайылым
|
Шабындық
|
Басқалар
|
|
|
«Актас Энерджи»
06-093-037-022
|
15,4378
|
15,4378
|
|||
|
Тлеулиева Толкын Турсыновна
06-093-037-007
|
14,3763
|
14,3763
|
|||
|
Султанов Галымбек Турарович 06-093-037-006
|
36,3261
|
36,3261
|
|||
|
Жер қоры
|
467,3472
|
467,3472
|
|||
|
Барлығы:
|
533,4874
|
50,7024
|
482,7850
|
||
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.